Халықаралық қызмет

Факультеттің халықаралық ынтымақтастығы: Факультет Еуропа, Америка, Азияның 25 еліндегі ЖОО және ғылыми орталықтарымен тығыз ғылыми байланыста. Ынтымақтастық формалары әрқилы: оқытушылардың ғылыми тағылымдамалары, дәріс оқуға шетелдік профессорларды шақыру, бірлескен ғылыми зерттеулер, конференциялар өткізу, докторанттарға бірлесіп басшылық ету. АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Франция, Швейцария, Үндістан, Қытай, Ресей т.б. елдерде шетелдік серіктестер ЖОО бар.

Халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық: шетелдік мемлекеттер елшіліктерімен, БҰҰ, ЕҚЫҰ, НАТО, Еуропалық Одақ, ШЫҰ, Қызыл крест Комитеті тәрізді халықаралық және өңірлік ұйымдар өкілдіктерімен, ДААД, Ф.Эберт қоры, К.Аденауэр қоры, Британ Кеңесі сияқты т.б. халықаралық қорлармен және білім беру орталықтарымен ғылыми-тәжірибелік ынтымақтастық табысты түрде даму үстінде. Факультеттің халықаралық ынтымақтастығы студенттері мен оқытушыларының халықаралық ғылыми-білім алу ұтқырлығын дамытуға ықпал етеді.

 

ХҚ факультетінің студенттері ЕО Миссияның басшысы А.В. Ван дер Мееро

және БҰҰ Өкілдігінің басшысы В. Самекпен бірге

 

 

"Елшілік сағат": факультет өз жұмысын шет елдер елшіліктерімен, шетелдік өкілдіктер және компаниялармен, мәдениет орталықтарымен тығыз байланыста жүргізеді. Республика бойынша тек осы Халықаралық қатынастар факультетінде ғана "Елші сағаты" өтеді, онда студенттер дипломатиялық корпус өкілдерінің дәрістерін тыңдайды. Отандық және шетелдік дипломатия қызметкерлері, сонымен қатар БҰҰ, Еуропалық Одақ, ЕҚЫҰ, НАТО, Гете атындағы институт, ДААД, USIS, British Council, Француз Орталығы, Ф.Эберт атындағы қор т.б. сияқты әрқилы халықаралық ұйымдар өкілдері ашық дәрістер өткізеді.

Нидерландының Қазақстандағы Елшісі К.Темпел магистратура студенттері және ХҚ факультеті оқытушыларымен елшілік сағатында

 

АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Р. Хонгланд ХҚ факультетінің магистранттары және оқытушыларымен елшілік сағатында  

 

Францияның бас консулымен кездесу

«Taлейран» клубында Литва Республикасының Төтенше және өкілетті елшісімен елшілік сағатында

 

Латвия Республикасының Елшісімен кездесу

 

Чили Елшісімен кездесу

 

НАТО-ның Ресурстық орталығында Германияның Төтенше және Өкілетті елшісі доктор Г.Херцпен кездесу

 

 

 

 

24 қазан күні БҰҰ күні болып табылады, оның шеңберінде жыл сайын БҰҰ дөңгелек үстел өткізіледі.

Дөңгелек үстелге Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы тұңғыш өкілетті өкілі Арыстанбекова А.Х., БҰҰ-ның Бас өкілі В.Самек, Алматыдағы ЮНЕСКО өкілдігінің директоры Лазарев С.А., ЮНФПА-ның аймақтық бөлімшесінің директоры Н.Ботев, БҰҰ-ның Алматыдағы басқа өкілдіктерінің өкілдері қатысады.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ БҰҰ туралы аймақтық қолдау және ақпарат орталығынан слайд-шоу