Бүркітбаев Мұхамбетқали Мырзабайұлы

Бірінші проректор,

химия ғылымдарының докторы, профессор

Қабылдау тел.: +7 (727) 221-11-23

Қабылдау күні: Сейсенбі 17.00-ден 18.00-ге дейін

E-mail: Mukhambetkali.Burkitbayev@kaznu.kz

1952 ж. туған. Химия ғылымдарының докторы, профессор. 1975 ж. С.М. Киров атындағы қазақ мемлекеттік университетінің түлегі.

Еңбек жолын ізденушіден бастап факультет профессоры, факультет деканы қызметінен бүгінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың бірінші проректоры. Кәсіби қызметінде 1997 жылдан бейорганикалық химия кафедрасының меңгерушісі, 2009-2010 жылдар аралығында химия факультеті деканы сатыларынан өтті.

1984 жылы кандадаттық диссертациясын, 1996 жылы докторлық диссертациясын қорғады.

Халықаралық гранттар есебінен бір қатар Халықаралық семинарлар мен конференциялар ұйымдастырушысы. М. Бүркітбаев Қазақстан тарапынан НАТО-ның «Бейбітшілік үшін ғылым» бағдарламасы аясында, ЮНЕСКО, МАГАТЭ, МНТЦ сынды бірнеше ірі Халықаралық жобалардың (Қазақстан-Ұлыбритания) ұйымдастырушысы, жетекшісі болды. Халықаралық Гранттар есебінен университетте заманауи радиациялық экология лабораториясы құрылып, ең соңғы құралдармен жабдықталған. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесі оқу жүйесінде белсенді қолданылуда.

М. Бүркітбаев Қазақстандағы тұңғыш ағылшын тілінде жарыққа шыққан «Euroasian Chemico-Technological Journal» ғылыми журналының ұйымдастыру мүшесі және жауапты хатшысы болып табылады, «International Journal on Chemistry and Biology» журналының редакция алқасының мүшесі. Жоғары аттестациялық комиссиясы сарапшылар кеңесінің мүшесі. Семей полигоны мәселесі бойынша МАГАТЭ Халықаралық кеңесінің мүшесі.

Профессор М. Бүркітбаевтың жетекшілігімен 6 кандадиттық және 3 PhD докторлық диссетациясы қорғалды. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің «Қазақстан Республикасы ғылымының дамуына қосқан еңбегі үшін» төс белгісімен, «Астананың 10 жылдығы» медалымен марапатталған. 2007 жылы халықаралық НАТО бағдарламасының «Бейбітшілік үшін ғылым» ғылыми сыйлығын иеленді.