Хабарландыру

«Жоғары оқу орындарын басқару стратегиясы және тәсілі, университет дамуының кешенді бағдарламасы» атты профессор Ю.П. Похолковтың семинары

26.10.2011

Құрметті құрылымдық бөлімдердің басшылары, декандар және кафедра меңгерушілері!

Сіздерді «Жоғары оқу орындарын басқару стратегиясы және тәсілі, университет дамуының кешенді бағдарламасы» атты семинарға қатысуға шақырамыз.

Семинар 29-қазан сағат 10:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әкімшілік ғимаратының мәжіліс залында (15-қабат) өтеді.

Семинарды Ресей инженерлік білім ассоциациясы президенті, Томск политехникалық университетінің «Жоғары кәсіби білім беру жүйесін ұйымдастыру және технологиясы» кафедрасының меңгерушісі, техника ғылымдарының докторы, профессор Похолков Юрий Петрұлы жүргізеді.

Ары қарай оқу >>

Құрметті оқытушылар, PhD-докторанттар, магистранттар!

13.10.2011

2011 жылдың 24 қазаны мен 4 қараша аралығында журналистика факультетінде Оклахома Штаты университетінің профессоры (АҚШ), «Медиа және стратегиялық коммуникация» мектебінің директоры, «International Journal of Strategic Communication» журналының редакторы Дерина Холтхаузен «Бұқаралық ақпарат құралдары және стратегиялық коммуникация» тақырыбы бойынша дәріс оқып, кеңес береді.

Келемін деушілерге есік ашық.

Ары қарай оқу >>

27.09 - 07.10 "Ли топтары", профессор Тайманов Е.А.

26.09.2011

2011 жылдың қыркүйек айының 27-ci мен қазан айының 7-i аралығында механика-математика факультетінде Ресей Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі, Новосібір Мемлекеттік Университетінің Геометрия және Топология кафедрасының меңгерушісі, профессор Тайманов Ескендір Асанұлының дәрістері өтеді. Дәрістер «Ли топтары» пәнінен бойынша болады

Ары қарай оқу >>

Global Classroom жобасы аясындағы Университетаралық сессия

22.09.2011

Сіздерді Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ –нің халықаралық ынтымақтастық департаменті мен Global Classroom жобасы, сонымен қатар Колумбия универститеті Жер институтымен (Нью-Йорк, АҚШ) бірге ұйымдастырылған Бирла технология басқару институты Мададгаскар білім дамыту орталығының қатысуымен жүзеге асатын «IASDP Интер-Университет» сессиясына қатысуға шақырамыз.

Сессия тақырыбы: Жаңа мыңжылдықта даму мақсаттары

Өтетін күні, уақыты мен орны: 22-қыркүйек, 18:00, Химия және химиялық технологиялар факультеті ғимараты, 221- дәрісхана

Ары қарай оқу >>

«Business Climate 2011» атты онлайн режиміндегі семинар

20.09.2011

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫТУШЫЛАР ЖӘНЕ СТУДЕНТТЕР!

Халықаралық ынтымақтастық департаменті Business Climate 2011 конференциясы ұйымдастыру комитетімен (Нью Йорк, АҚШ) бірге 20-қыркүйек күні 18:30-да «Business Climate 2011» тақырыбында онлайн режимінде жүргізілетін семинарға қатысуға шақырады.

Жыл сайын өткізілетін BusinessClimate семинарының ұйымдастырушысы Андрю МакКеон әлемнің әр бұрышынан бизнес, ғылым және технология салалары көшбасшыларының басын қосады.

Бүгінгі презентацияда энергия, технология және инжиниринг мәселелері қамтылады.

Қатысушылардың онлайн-тіркеу жасауларын сұраймыз:

http://www.visualwebcaster.com/event.asp?id=78811

Ары қарай оқу >>

Республикалық жоғары оқу орындарының электрондық кітапханалары

19.09.2011

Құрметті Ғылыми кітапхана пайдаланушылары!

Республикалық жоғары оқу орындары аралық электронды кітапхана (РЖОЭК), пайдаланушылардың сұраныстарына байланысты білім беру, ғылыми, зерттеу және басқа да талаптарын қанағаттандыру мақсатында, Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарының кітапханаларының толық мәтінді қорын біріктіреді. РЖОЭК Қазақстанның 58 жоғарғы оқу орындарының электронды кітапханаларына ауқымды және еркін кіруін қамтамасыз етеді, ол жерде авторлық құқықтары қорғалған оқытушы-профессорлар құрамының кітаптарының толық мәтіні, оқу құралдары, ғылыми, әдістемелік материалдар және жарияланған мақалалары ұсынылады.

http://www.rmeb.kz/ мекен жайы және http://www.kaznu.kz/kz/10169/page сілтемесі бойынша ҚР-ның жоғарғы оқу орындарының Республикалық жоғары оқу орындары аралық электронды кітапханаларының қорларымен жалпы университеттік жүйе арқылы кез-келген компьютерден еркін кіру мүмкіндігін пайдалануды ұсынамыз.

Ғылыми кітапхана әкімшілігі

Ары қарай оқу >>

«Инновациялық Қазақстан» Республикалық идеялар конкурсы

16.09.2011


«Инновациялық Қазақстан» Республикалық идеялар конкурсы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның қамқорлығымен өткізіледі және мыналарға бағытталған:

- Қазақстан жастарының инновациялық ой-санасын дамытуды ынталандырады;
- Талантты жастардың жігерін қалыптастырады;
- «Жобалар мен идеялар қорын» жасақтайды.

Ары қарай оқу >>