Жалпы мәліметтер

Халықаралық қатынас Қазақ Ұлттық университетіндегі география факультетінің ажырымас бөлігі болып табылады. Халықаралық қатынастарды қарқынды түрде жүргізуі мен халықаралық ұйымдардың қолдау көрсетуі алдыңғы қатарлы шетел университеттерінің оқу стандарттарына сай келетін бағдарламаларды пайдалану оқу барысын ұйымдастыруда айтарлықтай өз үлесін қосуда.

География факультетінің халықаралық байланыстары мен жасалынып жатқан жұмыстары ҚазҰУ-ның Қазақстанның жоғары білім беру жүйесіндегі орнын, маңыздылығын арттырумен қатар әлемдік білім және ғылым қауымдастығына ары қарай кірігуіне бағытталған. Бұл бастамалар алдыңғы қатарлы университеттердің шегінде, халықаралық білім бағдарламалары мен жобаларын іске асыру, ғылыми-зерттеу жұмыстарын бірлесе атқару, ғылыми-тәжірибелік жұмыстарды және конференцияларды ұйымдастыру, оқытушылар кадрларымен тәжірибелік алмасулар және студенттік мобильділікті арттыру іске асырылады.



Ноттингем Университеті

Георг Август атындағыГеттинген Университеті


Лейпциг Университеті

Бирмингем Университеті

Потсдам Университеті Ресейдің Халықтар Достастығы Университеті
М.В. Ломоносов атындағы ММУ Батыс-Мичиган Университеті