Жалпы мәліметтер

 

 

 Студент жастарды тәрбиелеудегі басты мақсатымыз Қазақстандық патриотизмді, жалпыадамзаттық құндылықтарды бағалау, студенттердің қызығушылығын және құқығын қорғау. Факультетімізде белсенді студенттермен бірге Маслихат, Студенттік кеңес, студент жастардың әлеуметтік жағдайларын бақылайтын «Сұңқар» кәсіподақ комитеті, қауіпсіздік кеңес жұмыс жасайды.
   

Тәрбиелік процестердің ұйымдастырылуы жастардың өмірлерінде шығармашылық пен жарқын естеліктер қалуы үшін, өздеріне сенімді таңдауды жасау, бағалай білуі, халқымыздың негізгі мәдениетін, салт дәстүрін қалыптастыру үшін жасалынады. Жыл сайын факультет қабырғасында түрлі іс-шаралар өткізіліп тұрады. Әсіресе, мұғалімдер мен студенттердің қатысуымен болатын «Декан кубогы» сарапқа салынады.

 

 

Факультетінің көңілді тапқырлар клубы «Второе дыхание» командасы көптеген сайыстарға қатысып, жүлделі орындарға иеленеді.

Біздің факультетіміздің студенттер кеңесі жыл сайын «Бірінші курс студенттерінің қабылдау рәсімі», «Алтын күз» және т.б. секілді іс-шараларды өткізіп отырады.

Биология факультетінің профсоюзы «Сұңқар» деканның қолдауымен белсенділер және кафедралар «Балалардың күлкісі» атты Алматы облысындағы балалар үйінде қайырымдылық акциясын өткізіп отырады.

Бүгінде тәрбиелеудің жалпы парадигмасы өзгеруде. Біздің түлектер еңбек базарында бәсекелестікке қабілетті болуы шарт. Интеллектуальдылығы дамыған мамандарға сұраныс артып келеді, сондықтанда тәрбиелік мәселерді шешуде біз білім саласындағы процестермен қатар алып жүреміз. Тәрбиелеу процесі мен білім беру процесін бөліп жарып қарастыруға болмайды.

 ФАКУЛЬТЕТТІҢ КУРАТОР-ЭДВАЙЗЕРЛЕР КЕҢЕСІ

ФАКУЛЬТЕТТІҢ КУРАТОР-ЭДВАЙЗЕРЛЕРІНІҢ ҚҰРАМЫ

Сандық және сапалық көрсеткіштер

КУРАТОР- ЭДВАЙЗЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТЫ

Куратор-эдвайзер кеңесі факультеттегі оқу-тәрбие істерін үйлестіретін, бақылайтын және реттейтін қоғамдық бірлестік

 
Куратор-эдвайзерлер кеңесі ҚР ҒБМ бекіткен бұйрықтар мен нұсқаулар, университет бекіткен ережелер мен құжаттар аясында жұмыс атқарады