Жалпы мәліметтер

          

 


1934 жылы Қазақ Мемлекеттік университетіне алғашқы студенттерді қабылдап, өздерінің қалыптасу, даму және гүлдену жолын абыроймен жүріп өтті. Биология және биотехнология факультеті әрқашанда педагогикалық, ғылыми және әдістемелік жүмыстарда белсенділік, жасампаздық танытып, уақыт тынысын жіті қадағалап, әлемдегі ғылым мен білімнің даму деңгейімен қатар, білікті де белсенді мамандар даярлап отырды.

 

Биология және биотехнология факультетінің тарихы университеттің даму тарихымен біте қайнасқан. Біз әртүрлі кезеңдерде университетті басқарып, оның прогресшіл даму бағытын бағдарлап, Қазақстан университеттерінің ішінде беделі жоғары болуын межелеп отырған ректорлар мен әкімшілік аппаратының барлық буындарын үлкен ілтипатпен еске аламыз.

Бұл күндері биология факультеті ірі жоғары білікті мамандар даярлау орталығы, қазіргі заманғы биологияның көптеген салалары бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізілетін республикадағы алдыңғы қатарлы ғылыми орталықтардың біріне айналды. Факультет қүрамында 5 кафедра (биотехнология; биоалуантүрлік және биоресурстар; биофизика және биомедицина; молекулалық биология және генетика; денешынықтыру және спорт), 2 ғылыми-зерттеу институты (Биология және биотехнология проблемалары ҒЗИ, Экология проблемалары ҒЗИ) жұмыс істейді. Факультеттің маңызды бөлімшелерінің бірі – биолог мамандар даярлауға, ғылыми-ағартушылық және кәсіби бағдар беру жұмыстарына белсене ат салысып жүрген факультеттің биологиялық мұражайы болып табылады.

Факультетте 1200нан астам студент пен аспирант білім алуда. Білім беру және ғылыми-зерттеу жұмыстарын 30 ғылым докторы және 85-ге жуық биология ғылымдарының кандидаттары атқарады. Солардың қатарында ҚР ҰҒА академиктері М.Х.Шигаева және Х.Д.Дүйсембин, биология ғылымдарының докторлары Н.М.Мұхитдинов, А.Б.Биғалиев, А.А.Жұбанова, С.Т.Нұртазин,Қ.Ә. Сапаров, Т.М. Шалахметова, Б.Қ. Заядан, З.Ғ. Айташева, С.С. Айдосова, Т.Ж. Мұқашева, В.М.Инюшин, С.Г.Нестерова, А.Т.Иващенко, Р.У.Бейсенбаева, К.Қ.Шүлембаева, О.В.Есырев, С.Т.Төлеуханов, Г.В.Николаев, Т.А.Карпенюк, С.Ж. Колумбаева, А.Қ. Бисенбаев бар. Олармен бірге студенттерге білім беруге Ұлттық Ғылым Академиясына қарасты институттардың ірі ғалымдары мен жетекші мамандары да ат салысады. Академиялық институттармен тығыз қатынасу, солардың негізінде кафедралардың бөлімшелерін ашу және білім беру барысында институттардың ғылыми потенциалы мен құрал-жабдықтарын кеңінен пайдалану ауқымды теориялық негізі бар, осы заманғы зерттеу әдістерін меңгерген және биология ғылымдарының неғұрлым өткір проблемаларын шешуге қатыса алатын мамандар даярлауға мүмкіндік береді. Құрылғалы бері факультет биология ғылымының саналуан салалары бойынша 11 мыңнан астам маман даярлады. Олар ғылыми-зерттеу мекемелерінде, өндірісте, Республикамыз бен алыс-жақын шет елдердің жоғары және орта білім беру жүйесінде қызмет істеп жүр. Іс жүзінде Республиканың биологиялық сипаттағы ғылыми-зерттеу мекемелерінің барлық қызметкерлері дерлік биология факультетінің түлектері. Олардың бірқатары ғылыми-зерттеу институттарын, бөлімдер мен лабораторияларды басқарады, жоғарғы оқу орындарында кафедра басшылары болып қызмет етуде. Факультет өзінің академиктері И.О.Байтулин, М.Ә.Айтқожин, Е.В.Гвоздев, Б.А.Быков, И.Ә.Әбуғалиев, Т.М.Мәсенов, Ф.А.Полимбетова, Х.Д.Дүйсембин, Ж.У.Ақанов, М.К.Гильманов, КСРО ҒА корреспондент-мүшесі П.А.Лер сынды түлектерін мақтаныш түтады.