Университет жетістігі әлеуметтік-белсенді, талантты, білікті студенттердің үлес қосуымен нығайып отырады. Университетте жеке қабілеттілікті және интеллектуалды әлеуеттілікті жүзеге асыру, рухани байлықты қалыптастыру, студенттің ой-өрісін кеңейту және тұлғаның үйлесімді дамуы үшін барлық шарттар жасалған. Студенттер бос уақытын Қазақстандағы ең әдемі концерт залдарының бірі - Ө.А.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайындағы көркем-өнерпаздық үйірмеде өткізеді. ҚазҰУ-дың Студенттер сарайы - 1620 орны бар, 14290 ш.м. ауданды ерекше кешен.
Сарай сахнасында салтанатты, мерекелік және мәдени шаралар, концерттер, айтыстар, КТК өтеді. Студенттер сарайында жас таланттардың сахнада ашылуына, өздерін көрсетуге мүмкіндік беретін «Бақыт» би ансамблі, студенттік драмалық «Біз» театры бар. Университет ішінде танымал осы студенттік ұжым республикалық байқаулар мен фестивальдерде бірнеше рет ерекшеленген.