"Ай-тұмар" тамақтандыру комбинаты

Студенттік қалашық аумағында студенттер мен оқытушы-профессор құрамына арналған «қоғамдық тамақтандыру комбинаты» орналасқан.

Тамақтандыру комбинаты құрылымына екі заманауи жоғары қолайлы банкет залы, 200 орындық студенттік асхана кіреді. Банкет залдары ұлттық нақыштағы интерьерлермен безендірілген.

Өзіне дәстүрлі бөліктерді біріктірген әртүрлі ас мәзірі ұсынылады. Мұхият таңдалған қоспалар мен өндірістің қатаң басқарылуы өнімнің жоғары сапасын кепілдендіреді. Ал, дәстүрлі мәзірлерге жаңалық енгізу дәмнің ерекше сапасын қалыптастырады. ҚазҰУ-ң қызметкерлері үшін кешенді түскі ас бар. Тамақтандыру комбинатының қызметкерлерінің (аспаздар, кондитерлер, даяшылар) кәсібилігі қызмет көрсетудің әдістері мен формаларын үнемі жетілдіруге мүмкіндік береді. Тамақтандыру комбинаттарының қызметкерлері кез келген уақытта өз тұтынушыларына көмек көрсетуге дайын.

Өзінің жұмыс істеу уақытынан бері тамақтандыру комбинаты жоғары сенімділікке және жақсы іскерлік атаққа ие болды. Оған жұмыс тәжірибесі көмектесті. Біздің тағамдар көп жылдық тәжірибемен келген «үйдің ерекше дәмі».

«Ай-Тұмар» қоғамдық тамақтандыру комбинаты сағат 8.00 -ден 20.00 сағатқа дейін күнделікті жұмыс істейді (жексенбі күнінен басқа күндері).

Байланыс телефоны: 377 – 33 – 81 (іш.1458)