Әлеуметтiк - тәрбие жұмыстары

Жоғары білімді мамандар дайындаумен қатар факультет рухани бай және Отанын, туған жерін және елін сүйгіш жас ұрпақты дайындаумен де айналысады. Студенттер арасындағы тәрбие жұмысы әртүрлі бағытта жүргізіледі. Өз жұмысымызда біз «ҚР білім беру ұйымдарындағы тәрбе берудің кешендік бағдарламасымен» және ҚР білім және ғылым Министрлігінің басқа да құжаттарымен, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бойынша нұсқаулық құжаттармен басшылық етеді.

Универсиеттің тәрбие беру кеңістігінде құрылған кафедраның тәрбие беру жүйесі,  тәрибелеу жұмыстарының максималды нәтижелеріне, тәрбие беру процессінің барлық қатысушыларының мақсаттарына жетуге әкелуі мүмкін.

Тәрбие берудің тәжірибелік мақсаты өзгермелі жағдайларға тез бейімделіп, тиянақты әрекет ете алаты, басқармалық шешімдерді қабылдай алатын, белсенділік, мақсатқа жете алу және шешім таба алуды танытатын, тұлғаның өмірлік қызметін тұрақтандыруға әкеледі.

Кафедраның оқытушы ұжымы «Студент тұлғасының рухани өркендеуі, қызметтің әртүрлі түрлерінде өзін-өзі жүзеге асыру үшін оның танымдық және творчествалық құрылуы» проблемасын шешумен жұмыс істейді. Кафедра құрамында 15 куратор-эдвайзер жұмыс істейді. Кафедрадағы тәрбие жұмысы біртұтас оқу-тәрбие процессінің бір бөлігі болып табылады.

Тәрбие беру мақсаты және тәрбие жұмыстарының мәселелері білім беру процессінде, кураторлық сағаттар кезінде және оқудан бос уақытта да жүзеге асырылады.

Жыл сайын университет басшылығы куратор-эдвайзерлердің жұмысы бойынша семинарлар мен тренингтер өткізіп отырады. Кураторлардың жоспарлы жиналыстарында студенттердің емтихан тапсыруға дайындығы және емтихан қорытындысы жайлы, пәндер бойынша қарыздарды болдырмауда артта қалған студенттерге көмек көрсету жайлы әңгімелер жүргізіледі.