Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті табысты мансапқа жеткен 8 мыңға жуық магистрлер мен PhD докторлар даярлап шығарды.
Сені магистратура мен PhD докторантураның ғылыми-жаратылыстанулық, техникалық және әлеуметтік-гуманитарлық бейіндердің барлық мамандықтарына шақырамыз!
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті республикамызда университеттердің алғашқысы болып магистратураның білім беру бағдарламаларын іске асыруды бастаған, ол 1996 жылдан бастап Қазақстанда магистрлерді дайындайтын жетекші орталық болып келеді. Қазіргі таңда университетімізде магистратураның 105 білім беру бағдарламалары жүргізілуде. Оқу қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жүргізіледі, сонымен қатар, шетел оқытушылары да білім беруде.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне магистратураға қабылдану 19.01.2012 жылғы Қазақстан Республикасының Үкіметінің № 109 бұйрығымен бекітілген «Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру мекемелеріне қабылдаудың үлгі ережелері» негізінде жүзеге асырылады.
Оқу формасы : күндізгі
Оқу мерзімі: 2 жыл, 1 жыл, 1,5 жыл.
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ МАГИСТРАТУРАСЫНА ТҮСЕМ ДЕУШІ ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:
- Бакалаврды бітіргені жөніндегі диплом
- Білім берудің алдыңғы сатысындағы үлгерімнің жоғары орташа баллы
Магистратураға 75 мамандық бойынша жаратылыстану, гуманитарлық, техникалық, әлеуметтік ғылымдар саласында қабылдану жүргізіледі.
Магистратураға түсем деуші құрметті талапкерлер, сіздердің сайтымызда тіркелуіңізді сұраймыз! Тіркелген талапкерлер Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының ақпарат жіберу базасына енгізіледі.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қабылдау комиссиясына құжаттарды маусымның 20 мен шілдінің 20 аралығында мына мекен-жай бойынша тапсырасыз: Әл-Фараби проспектісі, 71, дүйсенбі-сенбі күндері таңғы сағат 9-дан кешкі сағат 18-ге дейін қабылданады.
ОҚУҒА ТҮСУ ЕМТИХАНДАРЫ үстіміздегі жылдың 1 мен 20 тамыз аралығында өтеді:
1) шет тілінен түсу емтиханы (ағылшын, француз, неміс) тілдерінен;
2) мамандық бойынша түсу емтиханы.
Мамандық бойынша түсу емтиханы жазбаша тапсырылады.
Мамандық бойынша түсу емтихандарының бағдарламаларын Қабылдау комиссиясының хатшыларынан немесе Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтынан 15 шілдеден соң алуыңызға болады.
Шет тілінен түсу емтиханы (ағылшын, француз, неміс) тест түрінде тапсырылады.
Емтиханды ҚР БжҒМ-нің Мемлекеттік білім стандарттары және ұлттық тестілеу орталығы өткізеді. Шет тілі емтиханына өту үшін міндетті түрде Қабылдау комиссиясынан рұқсат қағазын алу керек. Өзімен бірге жеке куәлік болуға тиіс.
Шет тілі емтиханы болатын күні міндетті түрде:
- рұқсат қағаз;
- жеке куәліктің көшірмесі;
- емтиханға ақы төленген квитанция және оның көшірмесі болуға тиіс.
ОҚУҒА ҚАБЫЛДАНУ
ҚазҰУ-дың магистратурасына оқуға қабылдауды 25-31 тамыз аралығында қабылдау комиссиясы ашық түрде барлық талапкерлердің қатысуымен өткізеді. Егер түсу емтихандарының нәтижелері бойынша 5 баkлдық шкала бойынша («өте жақсы», «жақсы», «қанағаттанаралық», «қанағаттанғысыз») мүмкін болатын 10 баллдың 8 және одан жоғары балл алсаңыз, сіздің конкурстық іріктеуге (грантқа) қатысуға құқығыңыз бар.
Қосымша ақпарат бойынша мына мекен-жайға хабарласыңыз: