Әлеуметтік зерттеулер және әлеуметтік инжиниринг орталығы

2010 жылдың желтоқсан айында философия және саясаттану факультетінің социология және әлеуметтік жұмыс кафедрасы жанынан социологиялық зерттеу және әлеуметтік инжиниринг орталығы ашылды.

Әлеуметтік зерттеу орталығы - бұл ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысуға бағыт алған жас оқытушылар, доктаранттар, магистранттар мен студенттерге арналған ресурстық орталық.

Көпқырлы толыққанды зерттеу компаниялары талабына сай келетін орталық құрудағы мақсат бірінші кезекте академиялық зерттеулерді ұйымдастыру. Ол бір мезгілде тек қана сұраунама орталығы болып табылмайды, ол жас зерттеуші ғалымдарды даярлайтын көп салалы зерттеу компаниясы ретінде орталықты құру. Ал оның қызметкерлері әлемдік социологиялық қауымдастыққа бірігуге мақсат қоюға міндетті.

Орталықтың басты қызметі теориялық және қолданбалы социологиялық зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу болып табылады.

Орталықтың міндеттері:

  1. жүргізілген зерттеулер нәтижелері бойынша социологиялық мұрағат пен эмпирикалық мәліметтер банкін қалыптастыру;

  2. университет басшылығы мен Орталық бекіткен жұмыс жоспары аясында ғылыми зерттеулер жүргізу;

  3. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушылары мен студенттерін жоба жұмыстарына тарту;

  4. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың оқу процесіндегі ғылыми қызметке қажетті ақпараттар базасын құру.

Орталықтың жетекшісі-Абдирайымова Г.С.