ҚазҰУ жобалары таныстырылды

03.10.2017

Көрулер: 2717

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, академик Ғалымқайыр Мұтанов X Pujiang халықаралық инновациялық форумына қатысты. Аталған форумға әлемнің түкпір-түкпірінен белгілі ғалымдар мен сарапшылар, саясаткерлер мен кәсіпкерлер қатысты. 

Еліміздегі алдыңғы қатарлы оқу орнының ректоры «Бір белдеу – бір жол. Бірлескен ғылыми-білім беру жо­балары – бастамаларды дамыту­дың негізі» атты тақырыпта сөз сөй­ле­ді. Қатысушылардың тарапы­нан үл­кен қызығушылық байқалды. Сонымен бірге ҚазҰУ-дың IT техно­пар­кі базасында Жаңа Жібек жолы уни­верситеттерінің Альянсын құру тура­лы да айта кетті. Оның басты өзе­гі грант бойынша алынатын супер­компьютер болмақ.