БАҚ ҚазҰУ туралы

"Jas qazaq" ақпарат агенттігі

17.04.2019

Наурызға — Алма бағы!

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Наурыз мейрамын зор ықыласпен атап өтті! Дипломатиялық корпус және халықаралық ұйымдар өкілдерімен бірге алма бағы отырғызылды. Ауқымды шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасының екі жылдық және Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының негізгі ережелеріне арналды.

Ары қарай оқу >>

"Білімді Ел" газеті

17.04.2019

Қара шаңырақтағы алма бағы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде дипломатиялық корпус және халықаралық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен алма бағын отырғызды. Ауқымды шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасының екі жылдық және Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының негізгі ережелеріне арналды.

Ары қарай оқу >>

"Айқын" газеті

17.04.2019

Университеттегі Наурыз тойы

Жақында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде наурыз тойы тойланды. «Сәуір болмай, тәуір болмас» дегендей, жыл сайын Наурызға сәуірдің орта тұсының таңдалуы да орынды. Себебі, сыртта өткізіліп алыс-жақын шет елдерден, еліміздегі дипломатиялық және халықаралық ұйымдардың өкілдері, ұлтымыздың көрнекті тұлғалары, белгілі ғалым, жазушы-ақындар, түлектер және қала әкімшілігінен, БАҚ өкілдерінен т.б. құрметті қонақтар шақырылды.

Ары қарай оқу >>

"Білімді Ел" газеті

25.03.2019

Адал бол – адам бол!

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Жастар жылы аясында «Адал бол - адам бол!» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы студенттік форум өтті. Оған Алматы қаласының 38 жоғары оқу орындарының студенттері мен жастар өкілдері қатысты. Іс-шараны ҚазҰУ ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Департаментімен, «Саналы ұрпақ» және «Адалдық алаңы» жобалау кеңселерімен бірлесіп ұйымдастырды.

Ары қарай оқу >>

"Алматы ақшамы" газеті

25.03.2019

БОЛАШАҒЫМЫЗ – БІЛІМДІ ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДА

Әл-Фараби атындағы  Қазақ ұлттық университеті – өзіндік салт-дәстүрімен бай, көп­жыл­дық білім саласындағы және ғылыми жұмыстарда тәжірибесі мол бірден-бір жоғары оқу ор­ны. Рухани тағылымы мол, білім өресі биік жастарды дайын­дайтын еліміздегі іргелі оқу ордасы.

Елбасы  2019 жылды  «Жас­тар жылы» деп жариялады.  Жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау мемлекеттік саясаттың басымдығына айнал­уы тиістігін, жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платфор­масын қалыптастыру керектігін айтты.

Ары қарай оқу >>

"Жас қазақ" газеті

22.02.2019

ЖАСТАРЫМЫЗ ҒАРЫШҚА ЖОЛ САЛДЫ

 

«Қазақстан 2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы белгілі бір деңгейде ел игілігіне айналды. Жастар үшін жасалған тұжырымдамада атап өтілген қағидаларды іске асыруда еліміздің қыз-жігіттері ұдайы алда келеді. Әсіресе Жастар жылы олардан күтер үміт көп. Біз осы орайда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғылыми-инновациялық жұмыс жөніндегі проректоры, мемлекеттік сыйлықтыңиегері, академик, физика-математика ғылымдарының докторы Тілекқабыл Рамазановпен әңгімелескен едік.

Ары қарай оқу >>

"Ана тілі" республикалық газет

14.02.2019

Заманға лайықты өркенді өзгерістер

Қазақстанымыздағы үлкен оқу орны, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің іргетасы қаланып, өз алдына отау тіккеніне биыл 85 жыл толды. Енді университетіміздің өткен тарихына көз жүгіртсек. Алғашқы кезде екі факультет – физика-математика және биология факультеттеріне студенттер қабылдаудан басталды.

Ары қарай оқу >>

"Егемен Қазақстан" газеті

08.02.2019

Бәрі де Баку съезінен басталған


Бәрі де Баку съезінен басталған А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты және «Мәдениеттерді жақындастыру» орталығының қолдауымен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де «Түркі жазуы: рунадан латын әліпбиіне дейін» атты тақырыпта ой-пікір алмасу мақсатында белгілі қоғам қайраткерлері, ғалымдар, Алматыдағы түрік, әзербайжан, өзбек, түрікмен консулдықтарындағы лауазымды тұлғалар дөңгелек үстел басына жиналды.

Ары қарай оқу >>

Сенаторлардың оң бағасы

28.08.2018

ҚазҰУ-ға ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Төлеубек Мұқашев және Динар Нөкетаева іссапармен келді. Сапар барысында депутаттар университеттегі сандық жүйе мен «Жасыл технологиялар» орталығының дамуына жоғары баға берді.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ жобалары таныстырылды

03.10.2017

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, академик Ғалымқайыр Мұтанов X Pujiang халықаралық инновациялық форумына қатысты. Аталған форумға әлемнің түкпір-түкпірінен белгілі ғалымдар мен сарапшылар, саясаткерлер мен кәсіпкерлер қатысты.

Ары қарай оқу >>