Қазақ Қазақ Русский Русский English English
Университет Факультеттер Талапкер - 2010 Білім беру Ғылым Студенттік өмір
Негізгі бет / Университет / Факультеттер / Заң факультеті
Факультет туралыКафедраларҒылымЖаңалықтарФакультеттің тәрбие жқмысыФотогалереяАбитуриенттер үшін

 

 

 

Факультет деканы

Байдільдинов Даулет Лайықұлы

 


  

 

Деканның ғылыми жұмыс және магистратура жөніндегі орынбасары 

Сейтжанов Әбдікаhар Әнуарұлы

 


  

 

Деканның оқу жұмысы жөніндегі орынбасары

Ахатов Уалихан Акыпбекұлы

 

 


 

 

Деканның оқу жұмысы жөніндегі орынбасары 

Үсейінова Гульнар Рахимжанқызы

 


  

 

Деканның тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары

Жанібеков Ақынқожа Қаленұлы

 

 


 

 Криминалистика және сот сараптамасы

 

Сот билігі және қылмыстық іс жүргізу

Қылмыстық құқық және криминология

Инвестициялық және қаржылық құқық

Табиғи ресурстар және экологиялық құқық

Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы

Азаматтық және кәсіпкерлік құқық

Еңбек құқығы және азаматтық іс жүргізу

Конституциялық және әкімшілік құқық

     Заң факультеті 1955 жылы Алматы заң институтының негізінде құрылған, ол қазіргі заманға сай әдістерді қолдана отырып, жоғарғы дәстүрлі классикалық білім беретін, Қазақстандағы ең алғашқы заңгерлер дайындайтын белгілі мемлекеттік жоғарғы оқу ордасы.

Білім беру

       Заң факультетінде 2500-ден астам студенттер дәріс алады, олардың ішінде күндізгі бөлімінде 1800-ден астам студенттер оқиды. Сонымен қатар, заң факультеті жоғары білімі бар мамандарды заңгер мамандығына дайындайды.

       Заң факультеті заңгерлерді күндізгі бөлімде қазақ және орыс тілдерінде төмендегідей мамандықтар бойынша даярлайды:

  • 050301 - Юриспруденция (юриспруденция бакалавры) - 4 жыл (орта білім негізінде);
  • 050301 - Юриспруденция (юриспруденция бакалавры) - 3 жыл (орта арнайы білім - колледж негізінде);

 

       Сырттай оқу бөлімі:

  • 050301 - Юриспруденция (юриспруденция бакалавры) - 3 жыл (орта арнайы білім негізінде);
  • 050301 - Юриспруденция (юриспруденция бакалавры) - 2 жыл (жоғары білім негізінде);

       Студенттер факультетте оқу барысында әскери дайындықтан өтеді.

       Қазіргі еңбек нарығында бәсекеге қабілетті заңгер-мамандарды дайындау мақсатында    050301 - Юриспруденция (юриспруденция бакалавры) мамандығының шеңберінде келесі мамандандырулар көзделген:

  • қылмыстық-құқықтық;
  • салықтық-құқықтық;
  • мемлекеттік-құқықтық;
  • азаматтық-құқықтық.

     Педагогикалық қызмет пен ғылымға қабілеті бар талапты студенттер магистратураға, ал содан соң аспирантураға түсуге мүмкіндік алады. Магистратура бөлімдерінде оқу төмендегідей жүргізіледі:    

  • 6N0301 - Юриспруденция - магистратура (күндізгі бөлім) - 2 жыл;

     Еңбек нарығына ыңғайлы, бәсекелесе алатын заңгер дайындау мақсатымен, келесі мамандықтар бойынша білім беріледі:

  • 6N0301 - Юриспруденция - магистратура мамандығы шеңберінде келесі мамандандырулар жұмыс істейді:
  • қылмыстық-құқықтық;
  • қаржылық-құқықтық;
  • мемлекеттік-құқықтық;
  • азаматтық-құқықтық;
  • әлеуметтік-эколого-құқықтық

     Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті аспирантурасы мен докторантурасында барлық заң мамандықтары бойынша ғылыми кадрлар даярланады.

    Оқытушы-профессорлар  құрамы

     Заң факультеті күрделі ғылыми-тәжірибелік мәселелерді шеше алатын ғылыми ұжымға ие. Факультетте бір ҚР ҰҒА  академигі, з.ғ.д., профессор С.С. Сартаев, Юриспруденция академиясының академиктері з.ғ.д., профессор Д.Л. Байдельдинов, з.ғ.д., профессор А.Н. Ағыбаев, жиырмаға жуық докторлар мен профессорлар, 50-ден астам ғылым кандидаттары мен доценттер, сонымен қатар Парламенттен, Конституциялық Кеңестен, Жоғарғы Соттан, Президент Аппаратынан, Бас Прокуратурадан, Үкіметтен және құқық қорғау органдарынан жоғары кәсіби тәжірибелі мамандар келіп дәріс оқиды. Олардың көпшілігі шет тілдерін біледі және АҚШ, Еуропа, Түркия және т.б. елдердің университеттерінен тәжірибеден өтті.

     Ғылыми өмірі

      Заң факультетінде құқық саласындағы мамандықтар бойынша докторлық және кандидаттық диссертацияларды қорғауға арналған екі диссертациялық кеңес тұрақты жұмыс істейді.

      Сонымен қатар факультет мемлекеттік және құқықтық саладағы өзекті мәселелер бойынша халықаралық және республикалық конференцияларды, сол сияқты жыл сайын Қазақстан студенттері арасында өтетін олимпиадалық жарыстарды ұйымдастырушы болып табылады.

     Оқу-әдістемелік базасы

      Заң факультеті қазіргі заманға сай оқу-әдістемелік базасы бар, тоғыз мамандандырылған және ағылшын, француз, неміс тілдерінің озық мамандары еңбек ететін шет тілдері кафедраларына иелік етеді.

      Факультетте криминалистік полигон, сот мәжіліс залы және жоғарғы курстың ең үздік студенттері қызмет етіп жатқан студенттердің құқықтық кеңес клиникасы жұмыс істейді.

      Заң факультетінің ұжымы барлық Жоғары Заң оқу орындарына негіз болып табылатын, барлық құқықтық пәндер бойынша 50-ден астам типтік оқу-әдістемелік бағдарламаларды жасаушы болып есептеледі.

      Факультеттің қарамағында ғылыми және оқу-әдістемелік әдебиеттер қоры мен мұражайлық материалдарға бай, Қазақстанға танымал ең көне кітапханасы бар. Студенттер өз сабақтарына арнайы жасақталған оқырман залдарында дайындалады. Сонымен қатар магистранттар мен аспиранттарға арналған заманға сай компьютерлермен қамтамасыз етілген 3 компьютерлік және «Интернет» зал жұмыс істейді.

      Профессорлар мен оқытушыларымыз - соңғы 5 жылда жарық көрген 1000-ден астам ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектердің авторлары. Соның ішіне 30 монография, 50 оқулық пен оқу құралдары, 30 жинақтықтар, сөздіктер, жүзден астам оқу құралдары мен ғылыми мақалалар кіреді.

       Заң факультетінде қазақ, орыс және шет тілдерінде оқытушылардың, аспиранттардың, магистрлардың және үздік студенттердің мақалалары жарияланатын «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Хабаршысы, Заң сериясы» журналы шығып тұрады.

     Ақпараттық-техникалық базасы

      Заң факультеті оқу үдерісі барысында кең қолданылатын және студенттер жаңа үлгідегі компьютерлерде жұмыс істеу мүмкіндігін алған, дамытылған ақпараттық-техникалық базаға ие.

     Факультет мемлекеттік органдар және мекемелермен, оның ішінде: Парламентпен, Жоғарғы Сотпен, Конституциялық Кеңеспен, ҚР Бас прокуратурасымен, ІІМ, Әділет Министрлігімен, ҚР ҰҚК, Салық комитетімен, Қаржы полициясымен және тағы басқа құқық қорғау органдарымен студенттердің тұрақты өндірістік тәжірибелерден өтуі үшін өзара келісім жасаған.   

     Халықаралық байланыстары

     Заң факультеті халықаралық ұйымдармен байланыс жасау мақсатында, БҰҰ-ның өкілдігімен, Қазақстан-СОРОС Қорымен, Еуразия Қорының аймақтық өкілдігімен, Айрекс, Фуловрайт, (CEELІ) Американ адвокаттарының Қауымдастығымен, Орта және шығыс Еуропаның құқықтық агенттігімен өзара халықаралық байланыс жасап отыр.

     Таяу және алыс шетел (Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркия, Ұлыбритания, Германия, АҚШ) ғылыми-педагогикалық мамандарымен тәжірибе алмасады және соған байланысты жас ғалымдарды шет елдерге машықтануға жібереді.

     Студенттік өмір

     Заң факультеті Қазақстан Республикасы заң оқу орындары студенттерінің арасында жыл сайын өтетін Республикалық олимпиадалардың бастаушысы және ұйымдастырушысы болып табылады.      Факультетте СОРОС-Қазақстан қорының қолдауымен ашылған студенттердің құқықтық клиникасы табысты жұмыс істеп жатыр. Мұнда ең үздік студенттер халыққа заң-құқықтық ақыл-кеңестер беріп отырады.

     Факультетте студенттердің қатысуымен ғылыми-теориялық конференциялар, жас талапкерлердің клубы, үйірмелер, Ыстық-көл жағасында өткізетін жазғы демалыс, спорт бәйгілері және байқаулар ұйымдастырылады.

     Заң факультетінің қабырғасында жүйелі түрде "Қыз Сыны" және "Жігіт Сұлтаны" атты конкурстар өткізіліп тұрады.

     Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Алматы қаласының көркіне айналған керемет жасақталған, 1600 кісіге арналған Ө.А. Жолдасбеков атындағы «Студенттер Сарайы» бар. Онда әрбір студент өнер мен мәдениеттің ұлы шеберлерімен кездесуге арналған творчестволық кештерге қатыса алады. Сонымен қатар олар оқудан тыс уақыттарында өзіне қажетті де қызықты санайтын өнер түрлерімен студенттік үйірмелерде шұғылдануына болады. 

     Әрбір студент университеттің спорткешенінде үлкен теннис, шейпинг, бокс, волейбол, күрес, шығыстық күрес түрлерімен және т.б. спортпен шұғылдануына болады. Университет түлектері мен студенттер арасында Әлем және Олимпиадалық ойындардың чемпиондары бар. Олар: Д.Тұрлыханов, Е.Ибраимов, Ф.Байрамуков және т.б.

      

                                РЕКВИЗИТТЕР

Мекен жайы:

050038, Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 71

Декан
Байдільдинов Даулет Лайықұлы

377-33-33 қос. 1243

Деканның оқу жұмысы жөніндегі орынбасары
Үсейінова Гульнар Рахимжанқызы

377-33-33  қос. 1294

Деканның оқу жұмысы жөніндегі орынбасары
Ахатов Уалихан Акыпбекұлы

377-33-33 қос. 1294

Деканның ғылыми жұмыс және магистратура жөніндегі орынбасары
Сейтжанов Әбдікаhар Әнуарұлы

377-33-33  қос. 1240

Деканның тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары
Жанібеков Ақынқожа Қаленұлы

377-33-33 қос. 1294

 

 

 

 

 

Деканат
Күндізгі және сырттай оқу бөлімінің деканаты

377-33-33  қос. 1264, 1246

Оқу-әдістемелік лаборатория

377-33-33  қос. 1294

Студенттік заң клиникасы

377-33-33  қос. 1298

Кафедра меңгерушілері

Криминалистика және сот сараптамасы
Исаев Аджимұрат Алыбалаұлы

377-33-33  қос. 1260, 1263

Сот билігі және қылмыстық іс жүргізу
Алауханов Есберген Оразұлы

377-33-33  қос. 1242

Қылмыстық құқық және криминология
Джансараева Рима Еренатқызы

377-33-33 қос. 1259

Инвестициялық және қаржылық құқық
Рахметов Есіл Шаріпбайұлы

377-33-33 қос. 1261

Табиғи ресурстар және экологиялық құқық
Еркінбаева Ляззат Калымбекқызы

377-33-33 қос. 1257

Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы
Нездемкомский Виктор Васильевич

377-33-33 қос. 1255

Азаматтық және кәсіпкерлік құқық
Жандарбек Бауыржан Абылқасымұлы

377-33-33 қос. 1258

Еңбек құқығы және азаматтық іс жүргізу
Абайділдінов Тлеухабыл Мусинұлы

377-33-33 қос. 1254

Конституциялық және әкімшілік құқық
Кенжалиев Зайлағи Жантуғанұлы

377-33-33 қос. 1256

 

Біздің мекен жайымыз:

Қазақстан Республикасы, 050038, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71 БОҒ (Бас оқу ғимараты) - 3 Б, заң факультеті. т. 8-727-377-33-33 , 8-727-377-33-34  - ішкі телефон (12-44). Сонымен қатар, заң факультеті жөніндегі толығырақ мәліметті келесі сайттан табуға болады: www.kaznu.kz

Университет Факультеттер Талапкер - 2010 Білім беру Ғылым Студенттік өмір
Сенім телефоны
+7 (727) 377-34-00
Қазақстан Республикасы, Алматы, 050038, әл-Фараби даңғылы, 71 Тел. +7 (727) 377-33-43 Факс +7 (727) 377-33-44