ФИЗИКА ФАКУЛЬТЕТІ
Факультет деканы Деканның оқу және тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасарлары
ф.-м.ғ.д., профессор Бөлегенова Сымбат Әлиханқызы Есбосынова Айгерім Бакдаулетқызы
Асқарова Әлия Сандыбайқызы

Директор НИИ ЭТФ Ученый секретарь Ученого совета Зам.декана по магистратуре Председатель методбюро
Лаврищев О.А. Белисарова Ф.Б. Михайлов Л.В. Габдуллина Г.Л.
Физика факультеті, 2009 жыл ҚазҰУ қалашығындағы факультеттің жаңа ғимараты
Факультет тарихы
Физика факультеті 1934 жылы 15 қаңтардан бастап жұмыс істеп келеді, бастапқыда физика-математика бөлімі ретінде болды. 1959 жылы мамыр айынын бастап жеке физика факультеті болып қалыптасты.

ФАКУЛЬТЕТ БҮГІН
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың физика факультеті- осы заманғы жаңа технологиялар мен приборлардың қуатты ағынын тудыратын іргелі және қолданбалы физика ғылымы саласындағы жоғары кәсіби мамандарды дайындау бойынша танымал оқу және ғылыми орталық.
Қазіргі кезде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың физика факультеті Республикадағы жоғары ғылыми-педагогикалық әлеуеті, қомақты материалдық-техникалық базасы және кең түрдегі халықаралық ғылыми байланыстары бар физика-техникалық білім берідің көшбасшысы болып табылады.
Негізгі мақсаты
Факультет ұжымының негізгі мақсаты- өз қызметін маман физиктердің жоғары сапалы дайындауды және ғылыми зерттеулерді одан әрі жетілдіруді қамтамасыз ету.
Білім беру
көп дәрежелі жүйеде жүзеге асады:
-
бакалавриат (4 жылдық білім беру);
-
магистратура (2 жылдық білім беру);
-
Ph.D докторантура (3 жылдық білім беру).
Бакалавриат:
-
Физика (осы мамандықтың ішінде ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын арнайы бөлім бар);
-
Физика (білім, ағылшын тілі тереңдетіліп оқытылады );
-
Астрономия және ғарыштық байланыс;
-
Ядролық физика (ағылшын тілі тереңдетіліп оқытылатын бес жылдық жоғары арнайы білім);
-
Техникалық физика;
-
Материалтану және жаңа материалдар алу технологиясы;
-
Стандарттау, сертификаттау және метрология.
Магистратура:
-
Физика
-
Ядролық физика
-
Техникалық физика
-
Астрономия және ғарыштық байланыс
Ph.D докторантура:
-
Теориялық физики
-
Жылуфизикасы және теориялық жылутехникасы
-
Плазма физиекасы
-
Ядролық физика
-
Радиациалық материалтану
-
Қалданбалы физика
Университетте студенттерге әскери дайындықтан өтуіне мүмкіндік бар.
Профессорлық-оқытушылар құрамы
Қазіргі күнде физика факультетінде 30 ғылым докторы, профессорлар, 100 ғылым кандидаты, доценттер, олардың ішінде ғылым мен техниканың еңбек сіңірген қайраткерлері, ҚР ҰҒА және КҒА академиктері, Мемлекеттік сыйлықтар мен стипендиялардың иегерлері еңбек етуде.
Ғылыми тыныс
Факультеттің құрамында Қазақстандағы жоғары оқу орындарында бірінші пайда болған ғылыми зерттеу институт бар. Оның толық аты “Эксперименталдық және теориялық физика ғылыми-зерттеу институты” (ЭТФҒЗИ). Институтта алты бөлім бар. Ол бөлімдер 16 ғылыми зерттеу лабораториялардан тұрады. ІNTAS, DAAD, МАГАТЭ, ЮНЕСКО, МНТЦ, НАТО, ІNCO- COPERNІCUS сияқты халықаралық ұйымдардың қаржысын ғылыми жобаларды іске асыру үшін пайдалану мүмкіншіліктері көп. Бүгінгі күнде ЭТФҒЗИ де көп елдің ғалымдары бас қосып көптеген халықаралық жобалар шеңберіндегі ғылыми проблемаларды шешу үстінде. Физика факультетінде әртүрлі деңгейдегі ғылыми конференциялар, семинарлар өткізіліп тұрады, “ҚазҰУ дің жаршысы” ғылыми журналдың физикалық сериясы шығып тұрады.
Халықаралық байланыстар
Физика факультеті 17 шет мемлекеттерімен (Германия, Англия, АҚШ, Испания, Италия, Жапон, Рессей) магистранттар мен Ph.D докторанттарды дайындауда.

Оқу -әдістемелік және техникалық база
Факультеттің ауыз толтырып айтарлықтай ақпараттық-техникалық базасы бар: Космос сәулелерін зерттеудің бүкіләлемдік торына кіретін пластикалық сцинтилляторға негізделген нейтрондық супермонитор және қуатты супертелескоп, «Интегра терма» және «Интегра Спектра» заманауи зерттеу комплекстері, У-003 электрондардың сызықтық үдеткіші, рентгенспектральдық қондырғылар, криогендік орталық, лазерлік және плазмалық қондырғылар, оптоэлектроника, кристалдар өсіру саласындағы ерекше қондырғылар, ажырату қабілеті өте жоғары Оже спектрометрлер.
Факультетте интернетке шығатын компьютерлік және мультимедиялық сыныптар бар, оған қоса әр кафедрада күнделікті жұмыстар үшін қойылған копьютерлер бар. Студенттердің өздерінің курс жұмыстарын, бітіру жұмыстарын, диплом жұмыстарын орындау үшін факультеттегі приборлар мен қондырғылардың қайсысын болса да кеңінен пайдалануына толық мүмкіншіліктері бар.

Факультетте 6 кафедра бар
-
Теориялық физики кафедрасы;
-
Жылуфизикасы, стандарттау және метрология кафедрасы;
-
Қатты дене физикасы және материалтану кафедрасы;
-
Оптика және плазма физикасы кафедрасы;
-
Ядролық физика кафедрасы;
-
Бейсызық физика және электроника кафедрасы
Оқу лабораториялары
-
лекцияны физикалық эксперименттермен сүйемелдеу;
-
сызықтық үдеткіш;
-
жартылай өткізгіш приборлар жасау;
-
криофизика және криотехнология.
Факультетте Ұлттық нанотехнологиялық лаборатория бар.
Студенттердің ғылыми тынысы
Біздің студенттеріміз факультеттің ғылыми-зерттеу жұмыстарына қызу араласады. Әр кафедрада студенттік ғылыми семинарлар жұмыс істейді. Ол өз жетістіктерін жыл сайын өтіп отыратын студенттердің ғылыми конференциясында баяндап тұрады. Жоғары бағаға ие болған студенттік жұмыстар дипломдар мен сыйлықтармен марапатталады және ТМД және алыс шетелдегі студенттер конференциясына қатысып ол жерден де жоғары бағаға ие болып жүр. Студенттер дипломдық жұмыстарын, магистранттар мен Ph.D докторанттар өздерінің диссертациялық жұмыстарын ЭТФҒЗИ-дағы 17 ғылыми-зерттеу зертханаларында орындайды.

Студенттік өмір
Факультеттің дәл түбінде 2 және 3 орындық жарық, таза бөлмелерден тұратын студенттер студенттер үйі бар. Сонымен қатар, студенттер үйінде оқу залдары, компьютер сыныптары және Студенттік кеңес бөлмелері бар. Университетте студенттерге әскери дайындықтан өтуіне мүмкіндік бар.
Студенттердің өміріндегі ұйымдастырылған шаралардың көпшілігі Ө.А. Джолдасбеков атындағы студенттер сарайында, ҚазҰУ дің спорт комплексінде, Ыстық көлдегі жазғы демалыс және сауықтандыру лагерінде өтеді. Студенттер сарайында студенттердің өнер үйірмелері жұмыс жасайды.

Студенттер өздерінің білімдері мен іскерлігін қолдана алады
Физика факультетінің түлектері орта және жоғарғы оқу орындарында білім бере алады, техникалық аудармашы болып, ҚР ҰҒА-ның ғылыми-зерттеу институттарында, білім және ғылым министрлігі мекемелерінде, мемлекеттік басқару органдарында, телекоммуникация, байланыс, транспорт саласында, авиациялық және зымырандық техника, автомобиль жасау, жылу энергетикасы, мұнайгаз, атом және энергетика өндірістерінің кәсіпорындарында жұмыс істей алады.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің физика факуль-тетінен білім алып шыққан дарынды жас маман физиктер бүгінгі күндерде жер шарының түкпір түкпірінде еңбек етіп жатыр. Соның ішінде АҚШ Канада, Германия, Франция, Япония және т.б. университеттері бар. Біздің шәкірттеріміздің көбі атақты ғалым болып Қазақстанда және шетелдерде физиканы және қолданбалы технологияны дамытуға көп үлес қосты. Біздің факультетті бітірген шәкірттердің ішінде бизнес және мемлекттік басқару органдарында үлкен жетістікке жетіп жатқандар да аз емес.
|
РЕКВИЗИТТЕРІ |
|
|
|
Пошталық адресі |
050012, Алматы қ-сы, Төле би к-сі 96 |
|
|
Декан |
61-83-25, 92-59-30, қос. 22-01 |
|
|
Деканның оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары |
92-59-30, қос. 22-02 |
|
|
Деканның тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары |
92-59-30, қос. 22-29 |
|
|
Деканат |
92-59-30 қос. 2203 |
|
|
Кафедра меңгерушілері |
||
|
Теориялық физика |
|
|
|
Абишев Медеу Ержанұлы |
92-59-30, қос. 22-14 |
|
|
Жылу физикасы, стандартизация жане метрология |
|
|
|
Бөлегенова Салтанат Алиханқызы |
92-59-30, қос. 22-05 |
|
|
Қатты дене физикасы жане материалтану |
|
|
|
Алиев Баходир Азимджонұлы |
92-59-30, қос. 22-06 |
|
|
Оптика және плазма физикасы |
|
|
|
Архипов Юрий Вячеславович |
92-59-30, қос. 22-07 |
|
|
Ядролық физика |
|
|
|
Оскомов Владимир Владимирович |
92-59-30, қос. 22-08 |
|
|
Бейсызык физика және электроника |
|
|
|
Алмасбеков Нұрлан Ережепович |
92-59-30, қос. 22-09 |
|
|
Оқу зертханасының меңгерушілері |
||
|
Сызықтық жеделдеткіш |
|
|
|
Байғанатова Шолпан Бахытжанқызы |
92-59-30 қос. 22-11 |
|
|
Лекциялық физика эксперименті |
|
|
|
Алдияров Абдрахман Уәлиұлы |
92-59-30 қос. 22-12 |
|
|
Криофизика және криотехнология |
|
|
|
Дробышев Андрей Степанович |
92-59-30 қос. 22-13 |
|