Магистратура

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Университеттердің Ұлы Хартиясына қосылып, үш сатылы «бакалавриат-магистратура-докторантура PhD» мамандар даярлаудың заманауи жүйесіне толығымен көшкен Орталық Азияның жоғары оқу орындарының ішіндегі алғашқылардың бірі болып табылады. ҚазҰУ-дың магистратурасы 1996 жылы ашылған, бүгінгі күнде университетте 80-нен астам мамандық бойынша 8 000-нан астам магистрлер даярлап шығарылды.

ҚазҰУ-дың магистратурасының білім беру бағдарламалары ғылыми-педагогикалық және бейіндік бағыттар бойынша жүзеге асырылады және магистратура түлектерінің болашақта ғылыми, педагогикалық, басқармалық және сараптамалық қызметпен табысты айналыса алатын тереңдетілген арнайы кәсіби даярлықты қамтамасыз етеді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың магистратурасында білім алу магистранттардың зерттеу жұмыстарымен белсенді айналысуымен, олардың ғылым мен практиканың маңызды салаларының жетекші мамандарының басшылығымен жүзеге асырылатын университеттің ғылыми жобаларына қатысуымен ерекшеленеді.

Университет магистратураның оқу бағдарламаларын шет елдердегі жетекші ғылым және білім беру ұйымдарымен бірлесе отырып жүзеге асырады. ҚазҰУ-дың магистранттары үшін жыл сайын шет елдерден шақырылған профессорлар дәріс береді, университеттің жанжақты халықаралық байланыстары арқасында ҚазҰУ магистранттарының шет елдердің жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу орталықтарында оқуларына және тәжірибеден өтулеріне толық мүмкіндіктері бар.

ҚазҰУ-дың магистратурасының білім беру бағдарламалары халықаралық аккредитациялық агенттіктердің аккредитациясынан өткен. Ағылшын тілінде білім алушы топтар бар. 2010-2011 оқу жылынан бастап ҚазҰУ-дың магистранттары қос дипломдық бағдарламалары бойынша білім ала алады, олардың ішінде Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы және ТМД Желілік университеттерінің магистратурасының бағдарламалары.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ магистратураның білім беру бағдарламаларын 95 мамандық бойынша жүзеге асырады. Соңғы жылдары бізнес білім беру бағдарламалары (MBA), қос дипломдық және бейіндік бағыттағы білім беру бағдарламалары, "Ғылым Ордасы" кешеніндегі ғылыми-зерттеу институттарымен бірлескен білім беру бағдарламалары дамып келе жатыр. 2015 жылдан бастап университет ҚР Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясындағы басым өндіріс салалары үшін мақсатты кадрлар даярлаудың гранттық бағдарламаларын жүзеге асыра бастайды.

Магистратураға түсушілерге арналған мәлімет http://welcome.kaznu.kz/kz/

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Жоғары оқу орнынан кейнгі білім беру институты

+7 (727) 2211232