Оқытушыларға

2011 жылдың 11 қаңтарында биология факультетінің үлкен акті залында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессорлық-оқытушылар құрамының «ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІ» атты XLI ғылыми-әдістемелік конференция өткізіледі.

Ғылыми-әдістемелік конференцияның бағдарламасында құзіреттілік тәсіл негізінде оқытудың модельдік жүйесі, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, оқытудың кредиттік жүйесі мәселелеріне арналған үш секция мен дөңгелек стөл өткізу жоспарлануда. Конференцияға Алыс және Жақын шет елдердің профессорлары қатысады.