Кафедраның тарихы

Дінтану және мәдениеттану кафедрасы

Дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі - философия ғылымдарының докторы, профессор Құрманалиева Айнұр Дүрбелеңқызы 2011 жылдан бері басқаруда.

Дінтану және мәдениеттану кафедрасы «Дінтану», «Мәдениеттану» және «Исламтану» мамандықтары бойынша кадрлар дайындаушы орталық болып табылады.

Кафедра тарихы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философия және саясаттану факультетінің тарихы және Қазақстан мен Орталық Азияда философияның пайда болуымен тығыз байланысты. Кафедраның қызметкерлері мен түлектері қазақстандық философиялық ой қалыптастыруда маңызды рөл атқарды.

1949 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде философиялық және экономикалық факультеттер ашылды, маркстік-лениндік философияның алғашқы кафедрасы пайда болды. Философия факультетінің және кафедрасының ұйымдастырушысы КПСС Орталық Комитетінің (б) Қызыл профессорлық институтының түлегі, философия факультетінің алғашқы деканы - доцент Н. Дардыкин болды. 1951 жылы философия және экономика факультеттері философиялық және экономикалық факультетке біріктіріліп, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Ф.А. Жеребятьев басшы болып бекітілді. Философия және экономика факультеті 1954 жылға дейін жұмыс істеді және философиялық кадрларды даярлау тек КСРО-ның жетекші жоғары оқу орындарында ғана (Мәскеу, Ленинград, сонымен қатар, Киев мемлекеттік университеттері) жүргізу дұрыс деп тапқан, КПСС Орталық Комитетінің шешімі бойынша жабылды.

Кафедра университетте философияны оқытуға ғана емес, сонымен қатар, барлық факультеттерде этика, атеизм, эстетика, логика, аспринттардың философиялық дайындығын ұйымдастыруға жауапты болды. Жалпыуниверситеттік кафедраның ауқымы оның ұлғаюын талап етті, 1954-1955 жж. философия факультетінің бұрынғы түлектері келді: О.А. Сегізбаев, М.И. Гильман , В.П. Шустова, А.И. Икенов , В.Г. Яковлев және т.б..

Кафедраның түлектері бүгінгі таңда Қазақстанның және таяу шетелдің жоғары оқу орындарында философия кафедраларын басқарады, олар Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Философия және саясаттану институтының негізін құрайды.

70-90 жылдары кафедра Қазақстандағы басқа ЖОО арасында ең қуатты және білікті философия кафедрасы болды, ол республиканың жоғары оқу орындарының философия кафедраларының ғылыми және әдістемелік жұмыстарын ұйымдастыру мен бағыттауда үйлестіруші рөл атқарды. Профессор К.Х. Рахматуллин жоғары білім беру Министрлігі жанындағы әлеуметтік ғылымдар кеңесінің төрағасы, «Философия ғылымдары» атты республикалық жинақтың жауапты редакторы болды.

М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің түлегі М.С. Орынбеков 1995 жылдан 2003 жылға дейін кафедраны басқарды. Кафедраға Мәскеу мемлекеттік университетінің тағы бір түлегі, бұрын Қалмақ мемлекеттік университетінің проректоры болып жұмыс істеген профессор Б.К. Құдайбергенов шақырылды. Оның докторлық диссертациясы: «Әлеуметтік-философиялық рухани ізденістер: тарихи-философиялық көздер және қазіргі заманғы мәселелер» (1997ж.) Диссертациялық кеңес пен ғылыми қоғамдастықта жоғары бағаланды. Профессор Б.К. Құдайбергенов Қазақстан Республикасында жетекші дінтанушы болды, оның арқасында 1999 ж. факультетте «Дінтану» бөлімі ашылды. Алдымен бакалавриат, содан соң магистратура мен докторантура. «Дінтану» мамандығы бойынша МЖМБС, үлгілік бағдарламалар, дінтану пәндері бойынша ПОӘК құрастырылды.

Кафедра берілген мамандық бойынша түлектер шығаратын болды және Қазақстанның жоғары оқу орындары арасында дінтанушы мамандарды даярлауда жетекші орынға ие болуға лайық. Профессор Б.К. Құдайбергенов пен кафедра меңгерушісі М.С. Орынбеков бастаған дінтанушыларды дайындау дәстүрі бүгінгі күнге дейін сәтті жалғасуда. Кафедра меңгерушісі Н.Ж. Байтенова дінтанушы жас ғылыми қызметкерлерді даярлауда айтарлықтай үлес қосты. Бекітілген дәстүрді қазіргі меңгеруші А.Д. Құрманалиева да табысты түрде жалғастыруда, оның бастамасымен 2014 жылы «Исламтану» жаңа мамандығына лицензия алынды.

Қазіргі таңда қызметкерлерінің қажырлы еңбегіне байланысты кафедрада барлық бағыттар бойынша жұмыс орнатылған. Дінтану және мәдениеттану кафедрасы жеті жыл бойы ғылыми-теориялық және оқу-әдістемелік жұмыста, оның дәстүрлерінде үлкен тәжірибеге ие болды. Кафедра, ең алдымен, оның ұжымын құрайтын адамдар. Әрбір кафедраның өз аурасы, имиджі және моральдық-психологиялық климаты бар, оның мүшелерінің жұмысының жемісті болуы көбінесе осыған тәуелді болады. Сонымен қатар, кафедраның қызметі басқа кафедралардың, факультеттердің, жалпы университеттің ұжымымен тығыз байланысты және еліміздің бүкіл ғылыми қоғамдастығымен тығыз байланысты.

Дінтану және мәдениеттану кафедрасы бірегей рухын сақтап, өзінің кәсіби мәртебесін нығайтып, егеменді Қазақстан алдында тұрған міндеттерге сай заманнан қалыспауға тырысады.