«XXI ғасырдың жаһандық қатерлері» атты пәнаралық семинар өтті

27.11.2015

Көрулер: 2701

Әл-Фараби кітапханасында «XXI ғасырдың жаһандық қатерлері» атты пәнаралық Алғашқы семинар өтті. Қазіргі таңдағы заманауи жаһандық қатарлер мен мәселелер бір-бірімен байланысты және олардың шешімі өркениеттің келешегіне әсер етеді.

Жаһандық қатарлер заманауи адамзаттың әр түрлі салаларының біркелкі дамымауының нәтижесінде, оның табиғатпен және қоршаған ортамен байланысы, сонымен қатар қоғамдық-экономикалық, қоғамдық-табиғи, саяси-идеологиялық және басқа адамдармен қарым-қатынасы нәтижесінде пайда болады. Бұл мәселелер барлық адамзатқа және Қазақстан Республикасына да қатысты.

Аталмыш тұрақты семинар әр түрлі мамандарды, ғалымдар мен қоғамдық қызметкерлерді біріктіріп, адамзаттың жаһандық қатарлерін талқылауға, тұрақты даму саласының БҰҰ-ның мақсаттарыа сәйкес шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

Семинар барысында келесі сұрақтар қарастырылды: Қазақстанда климат өзгерісінің заманауи тенденциялары, Аралдың экологиялық мәселелері және антропогенді қысымның нәтижесінде ихтиофаунаның жағдайы.

Семинарға ҚазҰУ ғалымдары, әр түрлі ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері (зоология, генетика, ботаника және т.б.), ЮНЕСКО сарапшылары, Қолданбалы экология және қоршаған ортаны қорғау агенттігінің Қазақстандағы өкілдері тұрақты даму мәселелерін талқылады.