XXI ғасыр аудармашысы

26.11.2015

Көрулер: 1965

2015 жылдың 25 қарашасында "Easy Way English" клубының ұйымдастыруымен "XXI ғасыр аудармашысы" атты дәстүрлі сайыс өтті. Сайыстың мақсаты студенттердің сабақта алған білімдерін практикада пысықтау және "аударма ісі" деген қиын да қызық мамандыққа студенттердің қызығушылықтарын одан әрі арттыру болып табылады.

Сайыс клубтың ғылыми жетекшісі, аға оқытушы А.С. Айтмұханбетованың тәржіма өнері жөніндегі әсерлі сөздерімен басталды. Сайысқа "Аударма ісі" мамандығының бірінші және екінші курс студенттері қатысты. Түрлі танымдық ойындар жүргізіліп, 1 курс студенттерінің шығармашылық қабілеті шыңдалды. Үш кезеңнен тұратын сайыста ерекше көзге түсіп, " XXI ғасыр аудармашысы" титулына ие болған - бірінші курс студенті Имамбаева Динара. Кеш болашақ аудармашылар үшін өте пайдалы болды.