ҚазҰУ-дың студенттері жазғы VIII Универсиадаға қатысты

01.07.2015

Көрулер: 2011

Астана қаласында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің арасында тоғызқұмалақ ойынынан Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған VIII жазғы Универсиадасы өтті.

Жалпыжарысқа Республиканың жоғары оқуорындарынан 13 команда қатынасты. Жарысқа әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің қыздар мен ерлерден құралған құрама командасы қатынасты.

Аталмыш команданы жарысқа дайындаған университетіміздің жаттықтырушысы, тоғызқұмалақтан спорт шебері Айнұр Шахарқызы Молдахметова. Жарыс қорытындысы бойынша командалық есепте университет ерлер командасы жүлделі І орынға, ал әйелдер командасы жүлделі ІII орынға ие болды. Сонымен қатар, жеке есепте ерлер арасында 1-тақта бойынша География және табиғатты пайдалану факультетінің 4-курс студенті спорт шебері Жакупов Ержан ІI орын, 2-тақта бойынша Физика-техникалық факультетінің 2-курс студенті спорт шебері Бостандықов Бексұлтан І орын, 3-тақта бойынша Механика-математика факультетінің 2-курс студенті спорт шеберіне үміткер Асанбеков Сымбат ІI орын алды. Ал қыздар арасында жеке есепте 2-тақта бойынша Экономика жәнe бизнес жоғары мектебінің 4-курс студенті спорт шеберіне үміткер Нагимова Алтынгүл ІI орын, 3-тақта бойынша Химия және химиялық технология факультетінің 1-курс магистранты спорт шеберіне үміткер Есіркепова Арайлым ІI орынды өз қанжығасына еншіледі. Биылда сондай жоғарыдан көрінген студенттерімізге оқуда озат және оқып жатырған мамандықтарының кәсіби маманы болуға тілектеспіз. Қашанда университет туын жоғары биіктен көрсете берсін деген тілек білдіреміз.

Химия және химиялық технология факультеті