ҚазҰУ Баспасөз қызметінің ресми ақпараты

30.06.2015

Көрулер: 3578

Бірқатар БАҚ-та шыққан ҚазҰУ-дың бұрынғы бухгалтерларының заңсыз әрекеттері туралы ақпаратқа орай мынаны хабарлаймыз. 2014 жылдың соңында ҚазҰУ-дың қауіпсіздік қызметі мен аудиторлық тексеріс нәтижесінде алаяқтық және студенттердің бухгалтерия мамандары – С.Т.Жекенова, Д.Р.Тұрсынбекова, Б.Нұрланмен келісу арқылы оқу ақысын төлеуден жалтару фактісі анықталды. Бұл факті бойынша материалдар толығымен тез арада құқық қорғау органдарына жолданды.

Бұрынғы ҚазҰУ басшылығы кезінде жұмысқа қабылданған олар 2008 жылдан бастап ақшалай қаражаттарды иемденуге байланысты заңсыз алаяқтық әрекеттерін іске асырып келген. С.Т.Жекенова заңсыз әрекеттердің бастамашысы болып табылады, ол алғашында қаржы-шаруашылық қызмет бойынша бұрынғы проректор С. Шаяхметовтің қабылдау бөлмесінде жұмыс істеп, кейін оның ауыстыруымен бухгалтерияда маман қызметін атқарған.

ҚР БҒМ 2007 жылы бекіткен университет пен студент арасындағы үлгілік шарт бойынша, ЖОО-да білім алу үшін төленетін оқу ақысы қолма-қол ақшасыз банк арқылы банктік реквизиттері келісімшартта көрсетілген ҚазҰУ-дың есепшотына төленуі тиіс.

ҚазҰУ-да қолма-қол ақшалай төлем жасауға қатаң тыйым салынғанына қарамастан, жоғарыда көрсетілген бухгалтерия қызметкерлері оңай олжа табу мақсатымен таныс, дос және туған-туыс қатарындағы студенттерге оқу ақысы бойынша заңсыз жеңілдік алуды ұсынған. Олар студенттерден қолма-қол ақшалай қаражат алып, сосын иемденіп отырған. Өздерінің заңсыз әрекетін жасыру мақсатында олар бухгалтерияның электронды базасына рұқсаты болғандықтан, өзара келісімде бола отырып, өткен мерзіммен студенттердің оқу ақысы төленгені туралы есептерге өтірік ақпарат енгізіп отырған.

Сондай-ақ қаржы ұрлау алаяқтық схемасын жүзеге асыруға студент Қыдырбай Әсел Арабқызының қатысы бар екендігі туралы факт анықталды. Университетте «Қазмұнайгаз» БӨ АҚ гранты бойынша білім ала отырып, ол пайдакүнемдік мақсатта университет бухгалтериясының маманы Б.Нұрланмен келісімге келіп, әртүрлі банкте екі жеке шот ашқан. Сосын осы есепшоттарға «Қазмұнайгаздан» оқу үшін түскен қаржы заңсыз аударылып отырған. Бұл барлық ақшалай қаржыны Әсел Қыдырбай жеке есепшотынан шешіп отырғандықтан, ол алаяқтық әрекет пен ақшалай қаржы ұрлауға қатысушы ретінде күдіктенеді. Сондай-ақ Ә.А. Қыдырбай басқа студенттерден ақша жинауды ұйымдастыру және оны Б. Нұрланмен бірге иемденді деген күдік бар.

Ә.А.Қыдырбай банктік шоттардан ақшалай қаражат алғанын мойындай отырып, университет әкімшілігінен бірнеше рет ұрланған соманы қалпына келтіру және қайтару үшін уақыт беруді және мемлекеттік емтихандарды тапсырып, диплом жұмысын қорғауға мүмкіндік беруді өтінді. Университет әкімшілігінің оның ұрланған соманы қайтару мерзімін созу туралы өтінішін қанағаттандырғанына қарамастан, Ә.А. Қыдырбай өз міндеттерін орындаған жоқ және БАҚ-та жариялаумен бопсалау және қоқан-лоққы жасау арқылы университет бітіргені туралы дипломды талап ете бастады.

Қазіргі таңда бұрынғы бухгалтерия мамандарына қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр. Халықаралық қатынастар факультетінің 4-курс студенті Ә.А. Қыдырбайға қатысты сотқа дейінгі тексеріс жүргізілуде.

БАҚ-та келтірілген қарыз студенттер саны шындыққа сәйкес келмейді. Бүгінгі таңда студенттер оқу үшін қарыздарын толықтай өтеді. Оқу үшін қарызы бар 10-нан аспайтын студент жуық арада қарызды өтеу туралы жазбаша міндеттеме берді.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі