Үздіктер жеңісі

17.04.2015

Көрулер: 1963

ҚазҰУ-да «Сұңқар» студенттер кәсіподағының ұйымдастыруымен дәстүрлі мини футболдан жарысы өтті. Факультетаралық және студенттік ұйымдар арасында өткен футболдың басты мақсаты жастар арасында әлемдік дәрежедегі ойынның деңгейін көтеру, дамыту, өзіндік үлес қосу болатын.

Жеңімпаз командаларға берілетін сыйлық та өте бағалы, Атап айтқанда, бірінші орынға Ыстықкөлге жолдама, екінші орынға Пэйнтболлға және үшінші орынға Медеу мұз айдынына жолдама берілді. Командалар белсенді ойын көрсетумен қатар кикілжіңдерге жол бермеді. Мини футбол ойындарын кәсіподақтың төрайымы орынбасары Сандуғаш Сандыбаева ашып берсе, ойынды Олжабек Смайылұлы мен Абылай Өтеген бақылады.

Қызу тартыс нәтижесімен факультетаралық ойындарда бірінші орынды химия және химиялық технологиялар факультеті, екінші орынды экономика және жоғары бизнес мектебі еншілесе, үшінші орынды тарих, археология және этнология факультеті иеленді. Ал ұйымдар арасындағы мини футболдан жеңімпаз «Сұңқар» студенттер кәсіподағы атанса, екінші орынды студенттер кеңесі, үшінші орынды студенттер сенаты қанжығасына байлады.

Белсенді ойын көрсеткен ойыншылар да құр алақан болмады. Арнайы номинациялар бойынша марапаттаулар да болды. Үздік қақпашы номинациясын Еламан Бақытжанов, үздік ойыншы номинациясын «Пэдро», үздік шабуылшы номинациясын Дамир Оразаев, бамбардир Эмир Армоллаев және үздік қорғаушы номинациясын Мырза Жапсарбаев жеңіп алды. Үздік ойыншыларға да арнайы сыйлықтар және барлық факультет командаларына арнайы «Сұңқар» кәсіподағы атынан торттар сыйға берілді.

Ойын өте жоғары деңгейде өтті. Сөз соңын кәсіподақ төрайымы Айдана Дәуренқызы өзі алып дәстүрлі түрде өтіп жатқан мини футболдың кезекті ойынының аяқталуымен құттықтай отырып, барша қатысқан командаларға үлкен алғысын білдірді.