«Аймақтану» мамандығы бойынша республикалық пәндік олимпиада өтті

29.03.2015

Көрулер: 1940

2015 жылы 27 наурызда халықаралық қатынастар факультетінде «Аймақтану» мамандығы бойынша Республикалық пәндік олимпиада өтті. Олимпиадаға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Аналитик» және «Самұрық» командалары, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-дің «Астана» командасы, Е.Букетов атындағы ҚарМУ-дің «Достық» командасы, ҚазХҚӘТУ «G5» командасы, «Тұран» университетінен «Vetritas», «TRANSPARIENT», «Тұран дипломаттары» командалары және Алматы менеджмент университетінің «Reunion» командалары қатысты.

Олимпиаданың тақырыбы БҰҰ-ның және ЮНЕСКО-ның 70-жылдығына арналды.

Олимпиаданың құрметті қонағы ретінде БҰҰ-ның қоғамдық ақпараттық департаментінің өкілі Властимил Самек, Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросының коммуникация және ақпараттық бөлімінің басшысы, ЮНЕСКО коммуникация және ақпаратының ұлттық маманы Сергей Карпов, Амстердам университетінің PhD докторы Адель Сарди және тағы басқалар қатысты.

Олимпиаданың қатысушылары БҰҰ мен халықаралық аймақтық ұйымдардың өзара іс-әрекеттеріндегі өзекті мәселелерді талқылады, «әлем елдеріндегі БҰҰ қызметі» атты тақырыпта презентациялар жасады, сондай- ақ «Әлем аймақтарына БҰҰ қажет пе?» атты тақырыпта пікір-сайысқа қатысты. Студенттер өздерінің әлем аймақтары, халықаралық аймақтық ұйымдар және БҰҰ мен ЮНЕСКО-ның құрылғанынан бастап бүгінгі күнгі қызметінің басты бағыттары жөніндегі мәліметтерді тамаша меңгере алғандарын көрсете алды.

Жалпы олимпиадаға 9 команда және 50-ге жуық қатысушылар қатысты.

ҚазҰУ-дың І дәрежелі дипломымен ҚазҰУ-дың «Аналитик» және «Самұрық» командалары марапатталды.

ҚазҰУ-дың ІІ дәрежелі дипломымен ЕҰУ-дің «Астана» командасы, ҚарМУ-дің «Достық» командасы, «Тұран» университетінің «Vetritas», Алматы мененджмент университетінің «Reunion» командасы марапатталды.

ҚазҰУ-дің ІІІ дәрежелі дипломымен ҚазХҚӘТУ «G5» командасы, «Тұран» университетінің «TRANSPARIENT», «Тұран дипломаттары» командалары марапатталды.

Олимпиаданың барлық қатысушыларына Республикалық пәндік олимпиадаға қатысқаны үшін Сертификат берілді.

Халықаралық қатынастар факультеті