Студенттер жеңіспен оралды

25.03.2015

Көрулер: 3803

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы VII Республикалық дінтану және теология пән олимпиадасынан 2-орынға ие болды.

Олимпиадаға философия және саясаттану факультетінің дінтану және мәдениеттану кафедрасы «Дінтану» мамандығының студенттері (команда аты «Нұр» тобы) Ташмұханбет Сырым, Тәңірбердиев Бекасыл, Болатханова Ақбөпе және команда жетекшісі ретінде аға оқытушы Жекебаева М.А. қатысып қайтты. Нәтижесінде VII Республикалық дінтану және теология пән олимпиадасынан «Нұр» тобы 2-орын иеленді. Олимпиаданы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті «Қазақ хандығының 550 жылдығы» тақырыбы аясында өткізді. Республикалық олимпиаданың тақырыбы: «Қазақ мұсылмандық ерекшелігі мен болмысы». Барлық олимпиада қатысушылары Арыстан бап, Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне экскурсияға барды.

Олимпиада жеңімпаздарына басшылық өте жылы лебіз білдіріп, сыйлықтар мен алғыс хаттар, дипломдар табыстады.

Дінтану және мәдениеттану кафедрасы