«Абай және қазіргі заман» атты дөңгелек үстел өтті

27.02.2015

Көрулер: 2101

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінде «Жүз кітап» жобасы аясында Абай Құнанбаевтың 170 жылдығына арналған Қазақстан Жазушылар одағы және М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтымен бірлесіп «Абай және қазіргі заман» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелді аударма теориясы және әдіснамасы кафедрасы ұйымдастырды. Факультет деканы, филология ғылымдарының докторы, профессор Ө.Әбдиманұлының кіріспе сөзімен ашылған мәжіліске Абай ғылыми зерттеу институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Ж.Дәдебаев, филология ғылымдарының докторлары, профессорлар Т.Есембеков, А.Жақсылықов, Ж.Тілепов, Қ.Мәдібай, З-Ғ.Бисенғали, филология ғылымдарының кандидаты, жазушы К.Рахымжан, М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының аға ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты Д.Мұхамадиев, филология магистрі Е.Манатұлы ұлы ақын шығармашылығының зерттелуі, насихатталуы, аударылуы т.б. мәселелер төңірегінде ой бөлісті. Аталған шараны кафедра меңгерушісі Ә.Тарақов жүргізді. Дөңгелек үстелге оқытушылар, магистранттар қатысты.