«Жұмбаққа толы Жапония» атты зияткерлік сайыс өтті

27.02.2015

Көрулер: 2388

ҚазҰУ-дың Қиыр Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы Халықаралық Жапон қорының қатысуымен «Жұмбаққа толы Жапония» атты зияткерлік сайысын өткізді.

«Жас ғалым» ғылыми-зерттеу үйірмесінің жұмысының негізінде, Халықаралық Жапон қорының қатысуымен кафедра жыл сайын өткізілетін «Жұмбаққа толы Жапония» атты зияткерлік сайысын өткізді. Жыл сайын өткізілетін сайыстың осы жылғы ерекшелігі Цукуба (Жапония) университетінің студенттерінің қатысуы. Цукуба университеттері әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Инициатива кампус в кампусе» келісімінің аясында, танысу мақсатында келген.

Халықаралық Жапон қорынан Аики Кае, Ониши Юми ханымдар қатысты. Сайысты декан факультеті Б.Н. Жұбатова құттықтау сөзімен ашты. Сайысқа жапонтану бөлімінің 2-3 курс студенттері және қонақтар қатысты.

Бұл сайыстың негізгі мақсаты жапон тілін, мәдениетін, тарихын студенттер арасында насихаттау, қызығушылық тудыру. Студенттерді топпен жұмыс істеуге үйрету, қоғамдық жұмысқа баулу. Сайыс зияткерлік шоу түрінде өткізілді, жеңімпаздарға сыйлықтар табысталды.