«Ғалым болам десеңіз...» атты дөңгелек үстел өтті

25.02.2015

Көрулер: 2443

ҚазҰУ-дың философия және саясаттану факультетінде «Кіші Фараби Академиясының» ұйымдастыруымен студенттердің «Ғалым болам десеңіз...» атты дөңгелек үстел мәжілісі өтті.

Дөңгелек үстелде «Ғылымның өткені, бүгіні мен болашағы», «Ғылыммен айналысудың алғышарттары», «Қазіргі кездегі жастардың тағылымға деген бет бұрысы» тақырыптарды қамтылып, ғылымның қалыптасыуы мен даму ерекшеліктері және ғылымның басқада өзекті мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар, Қазақстандық ғылымның өткені, бүгіні мен болашағы жайлы пікір-талас, жан-жақты, еркін ой негізінде жүргізіледі. Шараға қазақстандық философ-ғалымдар және этика саласының мамандары қатысты.

«Кіші Фараби Академиясы»