ҚазҰУ-дың Ғылыми кітапханасына жапон суреттері сыйға тартылды

11.02.2015

Көрулер: 2241

“Toshiba International” қоры ҚазҰУ-дың Ғылыми кітапханасына бағалы суреттер жиынтығын сыйға тартты. Іс-шара “Toshiba International” қоры мен Қиыр Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының ынтымақтастығы аясында іске асты.


Бұл сыйлық Жапон елінің ЭДО (1600-1868) дәуірінен бастау алған Ukiyo-е деп аталатын тамаша суреттер жинағы болып табылады, сонымен қатар оған кітаптар жиынтығы, видеоматериялдар кіреді. Ukiyo-е­­ – Еуропадағы сурет өнері мен музыкасына әсер еткен ортағасырлық Жапонияның бейнелеу өнерінің бір бағыты. Қазіргі кезде Жапонияның Ukiyo-е сурет өнеріне бүкіл әлем таңдануда.

“Toshiba International” қоғамдық қоры Жапонияның сауда-саттықпен айналыспайтын гранттық ұйымы болып табылады. Оның қызметі Жапонияны тереңінен зерттеуге бағытталған және қор әлем бойынша халықаралық қауымдастықтың дамуына өзінің сүбелі үлесін қосып келеді.

Қиыр Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы