ҚазҰУ студенттері самбодан жеңімпаз атанды

26.01.2015

Көрулер: 2662

2015 жылы 23-26 қаңтар аралығында Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жүлдесі үшін самбодан әйелдер және ерлер арасындағы Әлем Кубогының кезеңі өтті.

Біздің ҚазҰУдың 4 спортшы-студенттері қатысып, оның 2 алтын, біреуі күміс медальға ие болды: Жумабаева Динара 64 келі салмақпен, Жұмақанов Елдос – 68 келі салмақпен алтын алқаға, ал Ерболова Гүлнұр – 56 келі салмақпен күміс алқаға ие болды.

Жарысқа 21 мемлекет арасынан 400 самбошы қатысты.