Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ QS жаңа рейтингінде 14-орынға ие болды

18.12.2014

Көрулер: 2719

QS Quacquarelli Symonds» беделді халықаралық агенттік Будапештте өткен конференцияда «QS University Rankings: «Дамушы Еуропа және Орталық Азия 2014/15» жаңа рейтингтің қорытындысын шығарды.


QS Еуропаның 368 және Орталық Азия университеттерін зерттеп, рейтингтің жаңа түрі бойынша топ-100 университеттерді белгіледі. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 14-орынға ие болды.

Бұл рейтингті дайындау барысында, зерттеуді өз саласында ірі ететін 64 мың ғалым сарапшылардың және 29 мың жұмыс берушілердің пікірлері ескерілді.

QS «Дамушы Еуропа және Орталық Азия» рейтингін қорытындылауда оқу орнының академиялық қауымдастықтағы және жұмыс берушілер арасындағы даңқы, баспасөзде аталу жиілігі мен ғалымдардан дәйек сөз келтірілуі, түлектердің жұмысқа орналасу пайызы, жалпы ғылыми-педагогикалық қызметкерлер құрамының ішінен шетелдік оқытушылар мен студенттер үлесі, оқытушылар мен студенттер арақатынасы ескеріледі.

Университеттердің жаңа рейтингі Еуропа мен Орталық Азияның дамыған 30 елін қамтыды. Ұсынылған топ-100-де үлкен үлес ресейлік университеттерде – 26, одан кейін Чехия мен Түркия – 10 ЖОО бойынша, Польшадан – 9, Қазақстанның – 8, Венгрия мен Украинадан – 6 ЖОО бойынша берілген.

QS рейтингтері әлемдегі ең белгілі әрі жалпы мойындалған, талапкерлер мен студенттер, жоғары оқу орындарындағы мамандар мен мемлекеттік органдар жиі қолданады.