ҚазҰУ-да оқырмандар конференциясы өтті

18.11.2014

Көрулер: 2098

Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетіндегі «Көкжиек» ғылыми-шығармашылық клубы әл-Фараби атындағы Ғылыми кітапхананың көпшілікпен жұмыс бөлімімен бірлесіп қалалық деңгейдегі оқырмандар конференциясын өткізді.

«Көкжиек» клубы «100 кітап» жобасы бойынша оқырмандар конференциясын тұрақты түрде өткізіп келеді. Кітапхана директоры Х.Туенбаева конференция жұмысына табыс тіледі. Оқырмандар тілегіне орай студенттер жас жазушы Арман Әлменбеттің «Мимырт» романын талқылады. Талдауға клуб жетекшісі, доцент Л.Мұсалы, кітапхана қызметкерлері Ш.Мұқашева, Ж.Манапбаевалар қатысты. Тағы бір ерекшелігі – бұл конференцияда автор А.Әлменбеттің өзімен онлайн-байланысқа шығып, сұхбаттасты. «Мимырт» деген атау жөнінде басталған әңгіме қызықты өрбіді. Қатысушылар өздерінің орнықты ой, байыпты пікірлерімен бөлісті, кейіпкерлерге, шығарма тілі мен мазмұнына өз бағаларын берді. Конференция соңында сыни пікірлерімен, ерекше қабілет-зейіндерімен, ұтымды да ұтқыр ойларымен көзге түскен оқырмандар «Болашақ сыншы», «Болашақ әдебиеттанушы», «Үздік оқырман», «Парасатты оқырман», «Ойлы оқырман» номинациялары бойынша сертификаттармен марапатталды.

Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті