«Тілдер фестивалі» апталығы өткізіледі

22.09.2014

Көрулер: 2017

2014 жылғы 22 қыркүйек «Қазақстан халқының тілдері күні» мерекесіне орай әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 22-26 қыркүйек аралығында жалпыуниверситеттік «Тілдер фестивалі» апталығы өткізіледі.

Фестиваль филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің Қазақ тілі білімі кафедрасының ұйымдастыруымен «Тіл– білім,тәрбие тұғыры» атты факультет студенттері арасындағы жыр мүшәйрасымен ашылады. Осы кеште аталған тақырып аясында 1-2-курс студенеттері арасында өткен тіл тақырыбына арналған жыр мүшайрасының жеңімпаздары анықталады. Бұл мерекелік шара 2014 жылы 22 қыркүйек күні сағат 11:00-де № 312-дәрісханада өтеді.