ҚР Білім және ғылым министрлігі ғылымды қаржыландыруға конкурс өтетіндігін хабарлайды

05.08.2014

Көрулер: 2765

ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті 2015-2017 жылдарға арналған ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыруға конкурс өтетіндігі туралы хабарлайды.

Конкурсмынадай бағыттар бойынша өткізіледі: ғылымды дамыту басымдықтары бойынша іргелі ғылыми зерттеулер; үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту басымдықтары бойынша қолданбалы зерттеулер мен әзірлемелерді дамыту; ұлттық компаниялар немесе нақты сектор қаражаттарын, оның ішінде өтінім беруші қатысу үлесі 25% болатын бизнес-әріптесті тарту арқылы қолданбалы ғылыми зерттеулер; шетелдік ғалымдарды тарту арқылы қолданбалы ғылыми зерттеулер (оның ішінде жобаның қос жетекшісі ретінде).

Ғылыми зерттеулер және инновациялық қызмет басқармасының бас сарапшысы А.К.Иманғазиев жауапты болып табылады.

Конкурстық құжаттама ҚР БҒМ Ғылым комитеті www.sc.edu.gov.kz сайтында орналастырылған. Конкурстық құжаттама түсініктемесі және өтінім даярлау мәселелері бойынша мына: 8 (7172) 74-24-79, 74-24-84, 74-16-59 телефондар арқылы кеңес беріледі.

Конкурстық өтінімдер ҚР БҒМ Ғылым комитеті, Астана қаласы 010000, Есіл ауданы, Орынбор көшесі 8, 1049 кабинет мекен – жайына қабылдау туралы хабарламамен пошта арқылы ұсынылады.

Өтінімдер ұсынудың соңғы мерзімі хабарландыру берілген күннен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде қарастырылады.