ҚазҰУ Әйелдер одағының салтанатты жиналысы өтеді

29.04.2014

Көрулер: 3169

30 сәуір 2014 жылы сағат 11:00-де әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің 80 жылдығына арналған ҚазҰУ Әйелдер одағының салтанатты жиналысы өтеді (ректорат 15-қабат).

Әйелдер Одағы Тәуелсіз Қазақстанның дамуындағы қиын кезеңде 90-жылдары филология ғылымдарының докторы, профессор Мая Бағызбаеваның бастамасымен құрылды. ҚазҰУ әйелдер Одағы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ректоры Ғалымқайыр Мұтановтың ұсынысымен қайта жанданды. ҚазҰУ әйелдер Одағы әйелдердің қоғамдағы статусын, университеттің саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени өміріндегі алатын рөлін көтеруге, әйелдердің, олардың отбасы мен балаларының құқығын қорғауға, қайырымдылық жұмыстармен айналысуға ықпал етеді. ҚазҰУ әйелдер Одағын құру – университеттің қоғамдық өміріндегі ең маңызды оқиға болып саналады. Қазіргі таңда әйелдер Одағын ҚР ҰҒА-ның корреспондент-мүшесі Жолдасбекова Баян Өмірбекқызы басқарады.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы әйелдер Кеңесі Президиумының мүшесі, КСРО-ның халық әртісі, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Бибігүл Төлегенова, Қазақстан әйелдер Кеңесі Президиумының төрайымы, профессор, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Нина Каюпова, ҚР әйелдер Кеңесі Президиумының мүшесі, ҚР ҰҒА-ның корреспондент-мүшесі, география ғылымдарының докторы, профессор Әлия Бейсенова, ҚР әйелдер Кеңесі Президиумының мүшесі, кәсіби білім беруді ақпараттандыру ғылыми-зерттеу институтының директоры, Ақпараттандыру Халықаралық Академиясының академигі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Дина Жүсіпәлиева және т.б. қонақтар қатысады.

Ертеңгі жиналыста мынадай маңызды мәселелер талқыланады: қоғамдағы әйелдің алатын орны, еліміздегі саяси, экономикалық, ғылыми, әлеуметтік және мәдени өмірдегі рөлі, университеттің қоғамдық және ғылыми өміріндегі әйелдердің белсенді қызметі, рухани және адами құндылықтарды және мәдени дәстүрлерді сақтаудағы әйелдің алар орны.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі