ҚазҰУ ректоры Google өкілімен кездесті

29.05.2023

Көрулер: 2382

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев Орталық Азия мен Моңғолиядағы Google for Developers және Google for Startups үйлестірушісі Асқар Айтуовты қабылдады.

Әңгіме барысында университеттегі Google студенттік клубы жұмысын жетілдіру және жастардың интеллектуалдық қабілеттерін арттыру үшін оларды Google жарыстарына қатыстыру мәселесі талқыланды.

Ректор Google өкіліне ҚазҰУ-дың ғылыми инфрақұрылымын дамыту барысы туралы айтып, университет базасында студенттер әзірлеген нәтижелі инновациялық стартаптарға тоқталды.

Өз кезегінде Асқар Айтуов университет ректорына алғысын білдіріп, цифрлық технологияларды дамыту бағыттары бойынша бірқатар ұсынысын ортаға салды. 

Тараптар аталған бастамаларды жүйелі түрде жүзеге асыруға уағдаласты.

 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі