ҚазҰУ жатақханалары Наурыз тойлады

20.03.2023

Көрулер: 2168

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жатақханалары Наурыз мерекесін атап өтті.

ҚазҰУ бас алаңынан басталған той филология факультеті, ақпараттық технологиялар факультеті, география және табиғатты пайдалану факультеті, механика-математика факультеті, биология және биотехнология факультеті, химия және химиялық технология факультеті мен физика-техникалық факультетінде жалғасты.

Университет Ректоры Жансейіт Түймебаев жатақханада тұратын студенттерді арнайы құттықтай барып, мерекелік лебізін жеткізді.

Студенттер үйіндегі мерекеде білім алушы жастар ұлттық ойындар жарысын ұйымдастырып, қазақтың салт-дәстүрлерін көрсетті. Барлық жатақханаларда палау мен «Наурыз» көже дайындалып, жиналғандарға үлестірілді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі