Мажарстан этнографы Алмаши Дьергиге арналған дөңгелек үстел отырысы өтті

30.11.2022

Көрулер: 3594

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде көрнекті Мажарстан шығыстанушысы, саяхатшы, зоолог және этнограф Алмаши Дьергиге арналған дөңгелек үстел отырысы өтті.

Делегация құрамында Алматы қаласындағы Мажарстан консулы Питер Сиклош, этнологтер Шанта Иштван мен Шомфай Кара Дэвид бар.

Әл-Фараби ғылыми кітапханасында өткен іс-шараны филология факультеті ұйымдастырды. Құрметті меймандар үшін Тұңғыш Президент пен Абай залы, сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар қоры, «Ұлы даланың жеті қыры», «Алаш көсемдері» және т.б. тақырыпта экскурсия өткізілді. Сонымен қатар делегация мүшелері білім ордасының ғалымдары әзірлеген инновациялық жобаларына қанықты. Қонақтар Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті даму жоспарының екінші кезеңімен танысты.

Дөңгелек үстел отырысына филология ғылымының докторы, профессор Раушан Амирдинова, ҚР ҰҒА академигі, профессор, Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі Берекет Кәрібаев, Археология, этнология, музеология кафедрасының доценті Гүлжан Мейірманова, «Нұр-Мүбарак» ислам университетінің доценті, тарих ғылымының кандидаты Катран Досымбек, Дінтану және мәдениеттану кафедрасының доценті Әлия Өмірбекова, Халықаралық ынтымақтастық және интернационалдандыру департаментінің директоры Еркежан Әпсеметова, шығыстану факультетінің деканы Наталья Ем және т.б ғалымдар қатысты.

Жиын барысында қатысушылар сөз сөйлеп, Шомфай Кара Дэвидтің қысқа метражды деректі фильмін тамашалады. Шара соңында дөңгелек үстел отырысына қатысқандар естелік суретке түсті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі