1 қазан Халықаралық Қарттар күні!

01.10.2022

Көрулер: 3030

Құрметті университетіміздің ардагерлері!

 

Сіздерді 1 қазан Халықаралық Қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Қазақ – қашанда үлкенді құрметтеп, «қарты бар ел – қазыналы ел» деп қариясын қадірлеген халық. 

Сіздер көпті көрген тірі шежіресіздер және біз үшін даналықтың қайнар көзісіздер!

Біз Сіздердің өнегелі еңбектеріңіз бен жетістіктеріңізді, барлық ізгі қасиеттеріңізді ерекше үлгі тұтамыз.

Сіздер ұлт руханиятының аса бір маңызды саласы – білім мен ғылымның өркен жаюына өлшеусіз үлес қосып жүрген ел ардақтыларысыздар!

Бүгінде Университет жанынындағы Ардагерлер Кеңесінің тұрақты жұмыс істеп тұруы – Сіздердің ұжымға, білім алушы жастарға деген қамқорлықтарыңыздың белгісі.

Сіздердің көмектеріңізбен біз әр студенттің өрісін ашып, қабілетін шыңдау үшін бар мүмкіндікті жасаймыз.

Сіздер Жаңа Қазақстанның гүлденуіне елеулі еңбек сіңіріп келесіздер.

Біз Сіздермен мақтанамыз!

Біздерге жол көрсетіп, темірқазық болып, аман жүріңіздер.

Шәкірттеріңіз оқуда, ғылымда, еңбекте Көшбасшы болсын.

Ұлы мақсаттар жолында биіктен көрініңіздер!

Мерекелеріңіз құтты болсын, ардақты ардагерлер!

 

Құрметпен,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Басқарма Төрағасы-Ректоры                       Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ