2 шілде – Дипломатиялық қызмет күні!

02.07.2022

Көрулер: 1576

Биыл Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясаты мен дипломатиясының қалыптасқанына – 30 жыл.

Қазақстан Республикасының Президенті, әлемдік деңгейдегі дипломат тұлға – Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің «Қазақстан Республикасының Дипломатиясы» еңбегінде: «Дипломатия халықаралық сахнада Қазақстанның саяси танылуын қамтамасыз ету міндетін жемісті жүзеге асырды.Енді сапалық тұрғыдан өзгеше мақсатқа қол жеткізуге – ел экономикасының дамуына жәрдемдесуге бейімделуге міндетті», – деп тұжырым жасаған болатын.

Қазақстандық дипломаттар ұлттық мүдделерді қорғау,басқа елдермен ынтымақтастықты дамыту, халықаралық және аймақтық қауіпсіздікті нығайту жөнінде тиімді жұмыстар атқарып келеді.

Дипломатия қызметінің қызметкерлері мен ардагерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймын!


Құрметпен, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Басқарма Төрағасы-Ректоры Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ