Тәуелсіздіктің 30 жылдығына 30 саны бейнеленді

05.12.2021

Көрулер: 2618

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына арнап патриоттық флешмоб өткізіп, 30 таңбасын көркем бейнеледі. Шара оқу орнында бастау алған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» онкүндігі аясында өтті.

Оқу орнының өнерпаздары «Елім менің» әнін әуелете шырқай отырып, қазақтың ұлттық биімен флешмобтың шымылдығын ашты. Жастар би барысында Қазақстан Туы мен университет жалауын биік көтеріп, туған жер мен елге деген сүйіспеншілігін білдірді.

Студент-жастар өз замандастарына Қазақстанның болашағы білімді әрі белсенді жастардың қолында екенін, сапалы білім алудың маңызын еске салу және Тәуелсіздік тойына тарту ретінде осы бастаманы жүзеге асырды. Ұлттық нақыштағы флешмобтың би ырғағы көз сүйсіндіріп, көрген жанға ерекше әсер сыйлады.

Флешмоб соңында жастар Әл-Фараби кітапханасының алаңында 30 санын бейнеледі.