Farabi business school: тарих пен инновацияның ынтымақтастығы

19.07.2021

Көрулер: 3212

Қазақстанда бизнес-білім беруді дамыту мен басқарудың тиімді стратегиясын құру – қазіргі заманның негізгі проблемаларының бірі. Бизнес-білім берудің сапалы жүйесінің болуы кәсіпкерлерге, басқарушыларға Қазақстанның әлеуметтік-мәдени капиталын, экономикасы мен бизнесін белгісіздік пен күрделі өтпелі кезең жағдайында жаңғыртуға ғана емес, дамытуға да мүмкіндік береді. Мұндай жағдайда кәсіпкерлік және басқару дағдыларын оқытуға жауап беретін бизнес-мектептердің рөлі арта түсетіні сөзсіз.

Бүгінде табысты бизнес-мектептер – бұл зерттеу университеттерінің жанындағы жеке құрылымдар.

Әл-Фарабидің мерейтойлық жылы қарсаңында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті де Farabi business school бизнес-мектебін ашты. Бизнес-мектептің басты міндеті – әлемдік нарық жаһандануының заманауи сын-тегеуріндеріне жауап беруге және білімге негізделген жаңа инновациялық экономиканың дамуын басқаруға қабілетті кәсіпкерлер мен бизнес көшбасшыларын даярлау. Бүгінде бизнес-мектеп іскерлік әкімшілендіру магистрі (МВА), іскерлік әкімшілендіру докторы (DBA) білім беру бағдарламаларын, сондай-ақ басшылардың кәсіби даму бағдарламаларын іске асырады.

Қазір Farabi business school қалыптасу үстінде. Бизнес-мектеп жаңа бастаған менеджерлерден бастап, басшылар мен бизнес иелеріне дейін түрлі деңгейдегі басқарушыларды оқыту бойынша бағдарламалар кешенін ұсынуды жоспарлап отыр. Жаңа оқу жылында персоналды басқару, спорт, білім беру, туризм және қонақжайлылық сияқты бірнеше жаңа авторлық МВА және DBA білім беру бағдарламалары басталады.

2019 жылғы MBA бағдарламасының тыңдаушылары бизнес-мектеп бағдарламасына сенетін ізашарлар болды. Бірақ қазір біздің түлектер бағдарламаны батыл ұсынады, ал екінші және келесі жиынға көптеген қатысушылар достары мен әріптестерінің ұсынысы бойынша келді.

Президент Қ.К.Тоқаев Farabi business school мектебіне келген кезде басшылар мен кәсіпкерлердің проактивті басқару құзыреттерін дамытуға мүмкіндік беретін бизнес-білім беру мен консалтингтің синергетикалық әсерінің маңыздылығын атап өтті. Осындай міндеттерді іске асыру оқытудың жаңа форматын қамтамасыз етеді. Қазір Farabi business school-де бизнесте үлкен тәжірибесі бар бизнес-тренерлер және корпоративті консалтинг, академиялық дәрежесі бар лекторлар сабақ береді.

Тәжірибе көрсеткендей, тиімді көшбасшы болу үшін университеттің негізгі білімі мен басқарудың практикалық тәжірибесі жеткіліксіз. Кәсіпкерлік қызметті басқарудың заманауи тәсілдерін білу, мүмкін болатын даму сценарийлерін модельдеу және бизнес-процестерді тиімді басқару үшін жаңа идеяларды қалыптастыру мүмкіндігі қажет. Басқаша айтқанда, қазіргі заманғы басшыға басқарушылық бизнес-білімі қажет. Сондықтан Farabi business school-дың МВА және DBA бағдарламалары басқарушылық ойлау мен бизнес-құзыреттілікті дамытуға назар аудара отырып, басқарушы кадрларды даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға бағытталған.