7 мамыр- Отан қорғаушылар күні құтты болсын

07.05.2021

Көрулер: 5825

Құрметті Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушы-профессорларыстуденттерімагистрантдокторанттары!

 

Сіздерді 7 мамыр  Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев саптағы сарбаздарға туған өлкенің тыныштығын тапсыра отырып «Тәуелсіздік алған сәттен бастап біз еліміздің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қарулы қақтығыстардың алдын алуға, Қарулы күштерді дамыту мәселелеріне әрдайым ерекше мән бердік. Қуатты және қабілетті армия егемен елдің маңызды атрибутының бірі» деп атап өткен болатын.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Айбынды армиямыздың даңқты дәстүрі кең-байтақ жерімізді жанқиярлықпен қорғап қалған батыр бабаларымыз бен Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің өшпес ерлігінен бастау алады. Бүгінде әскеріміз тәуелсіз Қазақстанның берік қалқаны ретінде жауынгерлік шеберлік пен асқақ рухтың озық үлгісін көрсетіп келедіБұл мерекеде біз өз өмірін Отан қорғауға арнаған, антына адал жандарға ерекше құрмет көрсетеміз» деп, азаматтық борышын адал өтеп жатқан барлық әскерилерге айрықша сенім артқан еді. 

Осы орайда мемлекетіміздің даңқын арттырып, ел іргесін берік етіп, халқымыздың тыныштығын нығайтуға Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті де қомақты  үлес қосып отыр. 

Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың әскери кафедрасы 10 мыңнан астам офицерлер мен запастағы сержанттарды дайындады.   

Профессорлық-оқытушылық құрам «полковник», «подполковник», «майор» әскери атақтарына ие  запастағы және отставкадағы 62 тәжірибелі офицерден тұрады. Олар 30 жылдан астам әскери қызмет өтілі бар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің еңбек сіңірген ардагерлері.

Әскери кафедрада 1140 студент білім алудаБілім алушылар 18 әскери-есептік мамандықтар бойынша жүзеге асырылады. Атап айтсақ, әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерінің, мотоатқыштар әскерінің болашақ офицерлері, барлаушылар, байланысшылар, тәрбие құрылымдарының офицерлері, дене шынықтыру және спортты ұйымдастыру офицерлері, метеорологиялық қызметтің мамандары. 

Халық қаһарманы, Кеңес одағының батыры, армия генералы Сағадат НұрмағамбетовКеңес одағының батырыБауыржан Момышұлының аудиторияларыжұмыс істейді.  


   Құрметті әріптестер, білім алушылар! 

 

Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен құттықтай отырып, патриоттық рухтарыңыз күшейіп, елге, жерге деген махаббатырыңыз бен сүйінспеншіліктеріңіз арта берсін деп тілеймін!

 

Құрметпен, ҚазҰУ Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт ҚансейітұлыТҮЙМЕБАЕВ