ҚазҰУ студенті үздік атанды

05.05.2021

Көрулер: 3012

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті философия және саясаттану факультетінің 4-курс студенті Әли Оралқұл ТМД елдері бойынша үздік студенттер қатарына кірді. Онлайн форматта өткен марапаттау рәсімінде Әли Саинұлына «Үздік студент» төс белгісі тапсырылды.

Бұл марапатқа ол «Genius» халықаралық спорт, білім және ғылым орталығы ұйымдастыруымен өткен «ХХІ ғасырдағы білім және ғылым» атты халықаралық конференция барысында ие болды.

Конференция аясында ТМД бойынша «Үздік студент» және «Үздік жас ғалым» байқаулары өткізілді. Жоба нәтижесінде ҚазҰУ-дың «Дінтану» мамандығының 4-курс студенті Әли Саинұлы үздіктер қатарынан көрінді.

Сондай-ақ салтанатты марапаттау рәсімінде «Жас қыран» атты кітаптың таныстырылымы өтті. Оған ТМД бойынша үздік студенттер мен жас ғалымдардың есімдері енген. Кітапқа енді ҚазҰУ студенті Оралқұл Әли Саинұлының да өмірбаяны жазылмақ.

Әли Саинұлын жетістігімен шын жүректен құттықтап, білім жолында толағай табыстар тілейміз!  

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі

8-727-377-31-48