ҚазҰУ – әлем университеттері рейтингінде

14.04.2021

Көрулер: 9407

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті QS, THE, ARES сияқты ең беделді халықаралық рейтингтерге қатысады. Оның нәтижесі бойынша университет қазақстандық жоғары оқу орындары арасында талассыз көшбасшы болып табылады.

Жоғары деңгейдегі сарапшылардың пікірлерін негізге алған тағы бір агенттік, Rank ProWorldwide Professional University Rankings (https://www.cicerobook.com/en/ҚазҰУ-ды үздік деп таныды. «Rank Pro by Subjects 2021» пәндік рейтинг қорытындысы негізінде ҚазҰУ – әлемдегі үздік ЖОО-лар арасында – «Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар» бағыты бойынша – 351-400, «Математика» бағыты бойынша – 401-500 көрсеткіштеріне ие болған қазақстандық жалғыз оқу орны.

Сонымен қатар, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – «Asia Pacific Rank Pro World Leading Universities» рейтингінде ТОП-200 ішінде 176-орынға ие болып, Азия-Тынық мұхиты аймағындағы университеттер қатарына кірген қазақстандық ЖОО-лар арасында да алдыңғы орында.

Рейтингті ұйымдастырушылар – «Жаһандық әлемдік коммуникатор» (GWC) әлемдік жетекші университеттерге тиісті баға беру үшін обьективті және сенімді жеті көрсеткішті пайдаланады: оқытушы-профессорлық құрамның сапасы; жоғары рейтингтік журналдардағы жарияланымдар; сапалы танымдық ғылыми мақалалардың саны; халықаралық патенттердің саны; әлемге танымал жетекші 2000 компанияларда қызмет ететін университет түлектері; білім беру сапасы.

www.kaznu.kz