Экономика мен білім беруді цифрландыру

27.11.2020

Көрулер: 2851

ЭБЖМ мен «Бизнес технологиялар» кафедрасы Ресей және Қазақстан жоғары оқу орындарымен бірлесе отырып онлайн форматта «Өңірдің экономикалық дамуы: басқару, инновациялар, кадрлар даярлау» халықаралық экономикалық форумы шеңберінде «Экономика мен білім беруді цифрландыру: пандемия жағдайындағы жаңа технологиялар» тақырыбында халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция өткізді.

Ауқымды форумды ұйымдастыруға Алтай мемлекеттік университеті (Барнаул қ., Ресей), Қазақстан-Неміс университеті (Алматы қ., Қазақстан), и. с. Тургенев атындағы Орлов мемлекеттік университеттері белсенді қатысты.

Пленарлық мәжілісте ҚазҰУ атынан. э.ғ. д., профессор Р. К. Сагиева ЭБЖМ деканы сөз сөйлеп, конференция жұмысы секцияларда жалғасты. Қатысушылар – жоғары оқу орындарының оқытушылары, докторанттар-форумның өзекті тақырыптарында баяндамалар ұсынды.

Халықаралық конференцияның мақсаты коронавирустық пандемия сияқты сыртқы жаһандық сын-қатерлерді ескере отырып, экономика мен білім берудің қазіргі жағдайын талдау болып табылады. Халықаралық конференция пандемия жағдайында SMART технологиялардың экономикалық және білім беру процестеріне әсерін белсенді талқылаумен таныстыру және пікірталас түрінде өтті.

Үздік баяндамалардың материалдары конференция қорытындылары бойынша (ISSN 2542-0690) e-library платформасында ұсынылған жинақтарда және РҒДИ-да индекстеу арқылы жарияланатын болады.

www.kaznu.kz