Al-Farabi Science Talks

29.09.2020

Көрулер: 2587

ҚазҰУ жанындағы Әл-Фараби орталығы ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен ұлы ойшылдың 1150-жылдығына, оның шығармашылық мұрасын және қазіргі заманғы адамзат үшін маңыздылығын зерделеуге, сондай-ақ ғылымды дамытудың заманауи мәселелеріне арналған «Science Talks» форматындағы онлайн іс-шаралар сериясын өткізеді.

«Al-Farabi Science Talks» вебинарына белгілі шетелдік және отандық ғалымдар мен фарабитанушылар қатысады. Ағымдағы жылдың 30 қыркүйегі мен 30 қарашасы аралығында өтетін жоба аясында «Әбу Насыр әл-Фараби – өркениет философы», «Қазақстандық ғылым: бағзыдан бүгінгі заманға дейін», «Мәдениетаралық диалог және өзара түсіністік», «Этика, борыш және жауапкершілік», «Ғылым тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамудың драйвері ретінде», «Гуманизм және тұлғаны құрметтеу», «Ғылым, жоғары технологиялар және Индустрия 4.0» тақырыптарына арналған вебинарлар сериясы өтеді.

Жоба 2020 жылдың 30 қыркүйегінде сағат 14.00-де (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша) «Әбу Насыр әл-Фараби – өркениет философы» халықаралық онлайн вебинарының ашылуымен басталады. Кездесуге Францияның танымал әдебиеттанушысы профессор Альберт Фишлер және ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, философия ғылымдарының докторы, ҚР БҒМ Ғылым комитетінің философия, саясаттану және дінтану институтының қызметкері Наталья Сейтахметова қатысады. Онлайн іс-шараның модераторы ретінде ҚазҰУ философия және саясаттану факультетінің деканы, профессор Әлия Масалимова сөз сөйлейді.

«Al-Farabi Science Talks» онлайн іс-шаралары ZOOM платформасында өтеді: идентификаторы – 85857650441, құпия саны – 206439.

Онлайн трансляция «Facebook» әлеуметтік желісінде –@alfarabicenter2020, Instagram – @farabicenter2020 және Al-Farabi Center YouTube арнасында жүргізіледі.

 

www.kaznu.kz