Оқу-әдістемелік жұмыстарының мәселелері қаралды

04.08.2020

Көрулер: 2945

Онлайн форматта өткен ректораттың кезекті отырысында оқу-әдістемелік жұмыстың өзекті мәселелері, оның ішінде жазғы семестрдің қорытындылары, сондай-ақ магистратура мен докторантураға қабылдау талқыланды. Сонымен қатар, 2020-2021 оқу жылына арналған академиялық күнтізбе қарауға ұсынылды.

Оқу ісі жөніндегі проректор Асқар Хикметов «Оқу-әдістемелік жұмыстың қазіргі міндеттері туралы» баяндама жасады. Ол жаңа оқу жылы басталмай тұрып шешілуі тиіс мәселелерге толықтай тоқталып, жазғы семестрдің нәтижелері туралы айтты, сонымен қатар магистратура мен докторантураға түсуге үміткерлерді қабылдау ережелері туралы ақпарат берді. Проректор елімізде карантиннің ұзартылуына байланысты магистратура мен докторантураға түсу үшін кешенді тестілеу 17 тамызда басталатынын атап өтті. Докторантураға құжаттарды қабылдау 10 тамызға дейін ұзартылды, ал оқуға қабылдау рәсімі 27 тамызда аяқталуы тиіс.

Ректоратта 2020-2021 оқу жылына арналған академиялық күнтізбе ұсынылды. Бірінші курс студенттері үшін онлайн-бағдарлау аптасы өткізіледі, сондай-ақ олар үшін қашықтықтан оқуға арналған оқыту бейне курсы дайындалады.

www.kaznu.kz