Әл-Фараби мұрасы - болашақ ұрпақ дамуының негізі

03.06.2020

Көрулер: 2124

Ұлы ғұламаның 1150 жылдығына орай «әл-Фараби философиясына арналған Мәдениет, тіл және әдебиет контексті» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік онлайн семинар өтті. XXIII «Аханов оқулары» аясында өткен шараны жалпы тіл білімі және еуропалық тілдер кафедрасы ұйымдастырды. Семинарға Алматы, Тараз, Лондон және Стамбул қалаларынан арнайы мамандар қатысты.

Жиынға қатысушылар ұлы ғұламаның еңбектері адамзатты жеке тұлға, кәсіпқой маман ретінде дамытып, оның еңбектері ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа мұра болып қала береді дейді. Сондай-ақ олар әл-Фараби мұрасына арналған осындай шаралардың маңыздылығын бағалау қиынға соғатынын жеткізіп, тіпті, ғылыми аудитория да қазақстандықтардың ұлы жерлесінің еңбектері мен жетістіктері туралы жеткілікті хабардар болулары қажет деді. Семинар аясында спикерлер бұдан бөлек заманауи лингвистикаға қатысты әртүрлі тақырыптар бойынша қызықты жобалар ұсынды. Магистранттардың жоғары білімділігі мен инновациялық идеяларын көрсеткені баршаны қуантты.

www.kaznu.kz