Студенттік инновациялар сайысы

28.03.2020

Көрулер: 3134

ҚазҰУ студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» халықаралық ғылыми конференциясы аясында студенттік бизнес-инкубаторлардың инновациялық жобаларының жыл сайынғы байқауын өткізеді.

Университет өз алдына, студенттік шақтан бастап, студенттерді өз жұмыс орнын қалай құрып бастауды ойлануға, оларды жеке меншік инновациялық кәсіпорындарын құруға ынталандыру бойынша мақсат қоюда.

Байқаудың негізгі мақсаты - студенттердің ең үздік инновациялық бизнес-идеяларын іріктеу және оларды іске асырудың яғни, идеяларды пысықтаудан бастап оны коммерцияландыруға дейінгі барлық кезеңдердерінде қолдау көрсетуге бағытталған.

Жобаларды бағалау критерийлері: ҚР ғылым мен техникасын дамытудың басым бағыттарының біріне тиістілігі, жоба идеясы, өзектілігі, жаңашылдығы, тәжірибелік маңызы мен бәсекеге қабілеттілігі, коммерцияландыруға әлеуетінің барлығы бойынша бағаланады.

Байқау жеңімпаздарын байқау серіктестері мен ұйымдастырушыларының бағалы сыйлықтары, дипломдар мен 1 орын үшін - 150 000 теңге, 2 орын үшін (3 жоба) – 100 000 теңгеден және 3 орын үшін (5 жоба) – 75 000 теңгеден ақшалай сыйлықтар күтіледі.

Байқауға қатысу үшін ағымдағы жылдың 1 сәуіріне дейін Ardak.Karagulanova@gmail.com электронды мекен-жайына қосымшаға сәйкес толтырылған ақпаратты, сонымен қатар жұмыстың сипаттамасы бар презентацияны жіберу қажет.

Байқауды ұйымдастыру мәселелері бойынша мына телефон нөмірлеріне 8 (7172) 3773333, іш.19-32 немесе Ardak.Karagulanova@gmail.com электронды поштасы бойынша байланысқа шығуға болады.


Қосымша

 

СТУДЕНТТІК БИЗНЕС-ИНКУБАТОРЛАРДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ТІЗІМІ

 

Автор (-лардың) аты-жөні толығымен

Ғылыми жетекші аты-жөні

Жоба атауы

Жоба бағыты

Демонстрациялық материалдар (макет, плакат, презентация және т.б.)

Ұйымның атауы, құрылымның атауы

  1.